Камзол, қамзол – жеңсіз, жеңіл киім.
Камзол, қамзол – жеңсіз, жеңіл киім. Бір түсті қалың матадан, мақпалдан, жібектен, барқыттан, кейде гүлді мақпалдан, атластан (жас ерекшелігіне қарай) тігіледі. Камзолдың екі өңіріне кесте тігіліп, ою-өрнек салынады, түйме орнына әшекейлі металл, яғни күміс қапсырмалар тағылады. Камзолдың жүн тартылып, аң терісінен қос астарланып тігілетін түрлері де болады. Негізінен, бір түсті қоңыр матадан, ал жастарға ашық түсті, жолақ немесе түрлі түсті матадан тігеді. Етегі, әдетте, кең болып келеді.