Материалы за Февраль 2021 года » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2021 года
"Жамбыл-ата"
26
февраль
2021
---
"Жамбыл-ата"
Қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлділі Жамбыл Жабаевтың туылғанына биыл 175 жыл. Осы атаулы датаға орай 9 сынып білім алушыларымен "Жамбыл-ата" тақырыбында зияткерлік сайыс өткізілді. Мақсаты:  Жүз жасаған жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, ақынның туған халқына, оның әдебиетке сіңірген еңбегін танып білуді білім алушылардың өздеріне жұмыс істете отырып, іздендіре меңгерту. Жауапты: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері: Джасыбаева А,
"Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық қорғаныс "
26
февраль
2021
"Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық қорғаныс "
Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай "Ұлттық экономиканы сақтау үшін күшті Азаматтық қорғаныс тақырыбында эссе байқаулары өткізілді. Мақсаты: білім алушыларға қауіпсіздік жағдайлары мен алдын алу шараларын ұғындыру,елі мен жерін қорғаудың алдын алу шараларына тәрбиелеу. Осындай мақсатты алдыға қоя отырып, 5 -10 сынып білім алушыларының арасында эссе жазу байқауы өткізілді. Эссе жазу барысында 8 б сынып білім алушылары Қосалы Ұ мен Камилова М орыс тілінде жазылған және 5 б сынып білім
" HTML кесте құру"
26
февраль
2021
---
" HTML кесте құру"
16 Жалпы орта білім беретін мектепте жаратылыстану-математика бірлестігінің "Диалогтік оқытудың тиімділігін арттыру және АКТ-ны пайдалану негізі " айлығы аясында информатика пәні мұғалімі Уребаев Е.Ж 10 "А" сыныбымен " HTML кесте құру" тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Мақсаты: HTML -де мәтінді форматтап және кестелері жұмыс жасайды, кестелерді шығару тектерінің біледі.
"Тәуелсіз- ел тірегім"
26
февраль
2021
"Тәуелсіз- ел тірегім"
"Мектеп өмірінің бір күні"жоба аясында білім алушылардың еңсесі биік егемен еліміздің айбынды да азат ұрпақтары екендігін терең ұғындыру. Патриоттық сезімін дамыта отырып, ел бейбітшілігін сақтау жолында үлес қосу мақсатында желтоқсан көтерілісінің куәгерлері Шинасилова Жанар Жұматайқызы, Расилов Сапар Мырзақасымұлы, Бейсенбетов Еділбек Қосалыұлымен"Тәуелсіз- ел тірегім" тақырыбында кездесу өткізілді
С.Торайғыров адалдық  сағаты
26
февраль
2021
С.Торайғыров адалдық сағаты
Халқымыздың ұлы перзенті, өзінің аз ғұмырында өр тұлғалық қасиетімен ерекшеленіп, ел келешегінің баянды болуын арман еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров туралы мағлұматтар алды. ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ағартушы демократ, аса көрнекті ақын, жазушы, публицист С.Торайғыров өз заманының мәнді де көкейтесті мәселелерін көтеріп, өзінің көркем қолтаңбасын қоғам мен адам өміріндегі шындықты арқау еткен шығармаларында қалдырған. Оның шығармалары адалдық пен адамгершілік үлгісі болып табылады. Осы
"Бала қауіпсіздігі-басты назарда"
26
февраль
2021
"Бала қауіпсіздігі-басты назарда"
2021 жылдың 25 ақпан күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде  балаларға қатысты  қатыгездікпен қараудың алдын алу,  ата-аналарды ақпараттандыру мақсатында  директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырова,  онлайн форматында "Бала қауіпсіздігі-басты назарда" тақырыбында  бірыңғай ата-аналар жиналысын  өткізді. Жиналыс барысында  ата-аналардың  балаларға жауапкершілікпен қарауы, баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететіні,   балалардың
"Диалогтік оқытудың тиімділігін арттыру  және АКТ-ны пайдалану негізі"
26
февраль
2021
---
"Диалогтік оқытудың тиімділігін арттыру және АКТ-ны пайдалану
N16 жалпы орта білім беретін мектепте жаратылыстану-математика бірлестігінің "Диалогтік оқытудың тиімділігін арттыру  және АКТ-ны пайдалану негізі" тақырыбындағы іс-шаралар жұмысы барысында, химия пәні мұғалімі Ф.А. Нурланова 10"А" сыныбымен "Natural carbonates"тақырыбында ағылшын тілімен кіріктірілген ашық сабақ өтті. Ашық сабақта:"The best wishes", "True or false", "Brainstorm", "Build your vocabulary", "Smart card", "Yes-No", "Airplane" әдіс- тәсілдерін шебер қолдана білді.
"Кибербуллингтің алдын алу, интернеттегі бала қауіпсіздігі"
23
февраль
2021
"Кибербуллингтің алдын алу, интернеттегі бала қауіпсіздігі"
23.02.2021 ж. күні директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырова мен мектеп психологы А.Байназарованың ұйымдастыруымен 8-11 сыныптың ұлдары арасында "Кибербуллингтің алдын алу, интернеттегі бала қауіпсіздігі" тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында  қазіргі кезде жасөспірімдер арасындағы өзара қысым көрсету, бопсалау,  виртуалды қарым-қатынас және қорғану қауіпсіздігі туралы  айтылды.
" Тәуелсіздік  теңдесі  жоқ байлығым"
23
февраль
2021
" Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым"
Еліміздің Тәуелсіздік алу жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін паш  ету, желтоқсан құрбандарына, желтоқсан  оқиғасына  қатысқан  аға-апалардың  ерлігін үлгі  етіп  көрсету.Туған  өлкемізге  деген  сүйіспеншілігін  сезімдерін  ояту. Елін, жерін сүюге, Отанын  қастерлеуге шыншылдыққа  тәрбиелеу  мақсатында  23  ақпан  күні  9-11  сынып  білім  алушылары  арасында " Тәуелсіздік  теңдесі  жоқ байлығым" бейнефильм көрсетілді.
"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық"
19
февраль
2021
"Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық"
19.02.2021ж №16 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырованың ұйымдастыруымен, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, әкелер кеңесінің жұмысын кеңінен насихаттау арқылы олардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру  мақсатында  8-11 сыныптың ұлдары арасында "Әкелер мектебінің" төрағасы Т. Досалиев және кәсіпкер А.Кикинадзе, А.Омаров, Меркі аудандық полиция бөлімінің ювениалды полиция тобының аға инспекторы полиция