25
май
2021
Соңғы қоңырау
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 17 мамырындағы N03-2738 хат негізінде N16 жалпы орта білім беретін мектебінде 2021 жылдың 25 мамыр күні дәстүрлі түрде соңғы қоңырау мерекесінің салтанатты жиыны болып өтті. Соңғы қоңырау 2 форматта өткізілді. Мектеп директоры Муратова Гульжамал Алметқызы ұстаздар қауымын және жиналған оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар тіледі. Сонымен қатар, оқу жылының қорытынды рейтингісі бойынша "Үздік ұстаз", "Үздік оқушы", "Үздік бірлестік", "Үздік кабинет" номинациясын жеңген жылдың үздіктері мектеп меценаттарының атынан сыйлықтармен марапатталды.