"Бауырсақ PARTY-2023" шеруі болып өтті.
Бауырсақ - жоғары немесе бірінші сортты бидай ұнынан пісірілетін тағам. Бауырсақтың түрлері көп. Оны ашытып та, ашытпай да, көлемін әр түрлі етіп пісіре береді және әр аспаздың өз құпиясы бар. Бауырсақ ашытылған қамырдан және тұщы қамырдан иленіп жасалады. Ал қазақ халқында иленіп пісіру жағы ұқсас болғанымен пішіні мен үлкендігіне байланысты бауырсақтың бірнеше атауы бар екен. Ши бауырсақ – еленген ұнға жұмыртқа жарып құйып, сүтке немесе сорпаға иленеді. Қамырды жұқалап (қалыңдығы 05 см)