"Дұрыс тамақтану-ұзақ білім алу жолы" тақырыбында тәрбие сағаты
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде дұрыс тамақтану он күндігі аясында 5-10 сынып білім алушылар арасында "Дұрыс тамақтану-ұзақ білім алу жолы" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және ағзаның қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізетінін түсіндіру. Сабақ барысында білім алушыларға дұрыс тамақтанудың негізгі шарттары мен ережелерімен таныстырылды.