Оқушыларға » Страница 67 » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
"OIZEREK"
25
январь
2021
"OIZEREK"
Қазақстан Республикасы "OIZEREK" қашықтықтан шығармашылық байқау өткізу порталы ұйымдастырған "Алтын дауыс" бағыты бойынша 6 сынып білім алушысы Дүйсебай Нұрсұлтан І орын, 5 сынып білім алушысы Бақытжан Айзере ІІ орын, "Бояулар құпиясы" бағыты бойынша 4 сынып білім алушысы Бірәлі Асылым І орын, "Ғажайып қыс" бағыты бойынша 6 сынып білім алушысы Тазабек Бақдаулет ІІ орын дипломдарымен  марапатталды. Жетекшісі: Джасыбаева Асем Рыскельдиевна. Жарайсыңдар!
"Сыбайлас жемқорлық ғасыр дерті"
22
январь
2021
"Сыбайлас жемқорлық ғасыр дерті"
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдағы адалдық, өзінің іс-әрекеті мен мінез-құлқы үшін жауапкершілікті, сондай-ақ адамгершілік қасиеттерді тарату мақсатында 5-7 сынып білім алушылары арасында "Сыбайлас жемқорлық ғасыр дерті" тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Жетекшілері: Туменбаева А. Төлендейева Б
"Үздік бастауыш сынып оқушысы"
21
январь
2021
"Үздік бастауыш сынып оқушысы"
Республикалық ұстаздарға арналған танымдық-әдістемелік сайты ұйымдастырған бастауыш сынып оқушылары арасында өткізілген "Үздік бастауыш сынып оқушысы" қашықтық олимпиадасында I дәрежелі дипломмен 1 сынып оқушылары Баялы Дильназ, Базарбек Бекжігіт, Ықылас Зере, Талғат Әсем, Маратбек Нұрай, Бақытжан Альнура, Икрамжанұлы Алижан, Құсман Медеу  марапатталды. Марапаттарыңыз құтты болсын.  Жетекшісі: Төкен Нарқыз Асланбекқызы
"Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы"
20
январь
2021
"Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы"
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру іс-жоспары бойынша 5-10 сынып білім алушылары  арасында "Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы" тақырыбында шығарма байқауы ұйымдастырылды.  Мақсаты: Жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру, жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату және қарсы әрекет етуге тәрбилеу. Жастар жемқорлыққа қарсы! Елдің болашағы жас ұрпақтың қолында!  Жауаптылар: Қазақ тілі пәні мұғалімдері. 
«ЗЕРДЕ» шығармашылық
13
январь
2021
«ЗЕРДЕ» шығармашылық
1-7 сынып оқушылар арасында «ЗЕРДЕ» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының аудандық кезеңінде 3 Б сынып білім алушысы Алиева Лале орыс әдебиеті секциясы бойынша жүлделі І орынды иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Жетекшісі:Кикинадзе Халида Бадталгазиевна. Мектеп мақтаныштарын жетістіктерімен құттықтаймыз! Алиева Лалеге алдағы облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
«ЗЕРДЕ» шығармашылық жобалар
13
январь
2021
«ЗЕРДЕ» шығармашылық жобалар
1-7 сынып оқушылар арасында «ЗЕРДЕ» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстарының аудандық кезеңінде 4 А сынып білім алушысы Бірәлі Асылым экология секциясы бойынша жүлделі ІІІ орын дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Сүлейманқұл Самал Қайратқызы. Мектеп мақтаныштарын жетістіктерімен құттықтаймыз!
"Бүгінгі күн-кешегі күннің шәкірті"
12
январь
2021
"Бүгінгі күн-кешегі күннің шәкірті"
Мектеп кітапханасында Д.М. Қонаевтың туған күніне арналған "Бүгінгі күн-кешегі күннің шәкірті" тақырыбында 2 "Б" сынып білім алушыларымен кітапханашы Ж. Ибрагим тәрбие сағатын өткізді. Балаларға 12 қаңтар күні аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері,  Қазақ КСР Ғылым академиясың академигі, техника ғылымдарының докторы Д.М. Қонаевтың өмір жолы туралы бейнебаян көрсетіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Ұлы тұлға өзінің 45 жылдай уақытында еліміздің 
"Адамдық борыш-асыл қасиет"
12
январь
2021
"Адамдық борыш-асыл қасиет"
"Заманауи білім-кемел келешек кепілі"  айлығы негізінде 10 "А"  сыныбында Өзін-өзі тану пәнінен "Адамдық борыш-асыл қасиет"  тақырыбында ашық сабақ өткізілді.  Білім алушылар сабақта адам жанының сұлулығы, адамгершілік құндылықтары туралы ойларын ортаға салды. Сабақтың құндылығы дұрыс әрекет.  Пән мұғалімі:  А.Байназарова
"Көркем сөз"
09
январь
2021
"Көркем сөз"
"Қазақстан балалары-қысқы ғажайып"кезінде білім алушылардың бос уақытын тиімді пайлалану мақсатында "Көркем сөз" онлайн байқауы ұйымдастырылды. Жетекшісі: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері.
"Аяз ата"
05
январь
2021
"Аяз ата"
"Қазақстан балалары - қысқы ғажайып"  білім алушылардың қысқы демалыс кезінде бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында "Аяз ата" тақырыбында  суреттер байқауы өткізілді.  Жетекшілері: Б.Төлендиева А. Түменбаева