24
октябрь
2020
"Құқықтық сауаттылық- заман талабы"
2020 жылы 22 қазан күні құқық бұзушылықтың алдын алу онкүндігі аясында жасөспірімдердің құқықтық білімдерін жетілдіру мақсатында N16 жалпы білім беретін мектебінде 8-11 сыныптар аралығында "Құқықтық сауаттылық- заман талабы" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Байқауда білім алушылар өз құқығы, міндеттері, адамзаттық құндылықтар мен теңдік, бостандық идеялары туралы ой-пікірлерін эссе түрінде жазып көрсетті. Эссе жазу байқауында 11"А" сынып білім алушысы Тұрысбек Ақботаның жұмысы үздік деп танылды.