22
январь
2020
"Мен OFFLINE (оффлайн)"
N16 жалпы білім беретін мектебінде кәмелетке толмағандар арасында интернетке тәуелділіктің алдын алу, интернет - белсенділігін бақылау, интернет қызметтерді ересек пайдаланушылардың жауапкершілігін, интернет пайдалану мәдениетін арттыру мақсатында 2020 жылы 26 қаңтар күні Халықаралық интернетсіз күніне арналған "Мен OFFLINE (оффлайн)" республикалық кең ауқымды балалар акциясы өткізілді. Акция барысында 1-4 сынып аралығында "Мен интернетсіз күнімді қалай өткіздім?" атты сурет байқауын бейнелеу пәні мұғалімі А.Туменбаева ұйымдастырды. Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен 5-11 сыныптар арасында "Мен OFFLINE (оффлайн)" тақырыбында эссе байқауы өткізілді. 1-11 сынып аралығында "Халықаралық интернетсіз күн" тақырыбында оқушылар мен ата-аналар арасында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді. Аталған іс-шараға оқушылар мен ата-аналар белсенді атсалысып, өз ойларын еркін жеткізіп, интернеттің кемшіліктері мен артықшылықтары туралы өз пікірлерін айтты.