Робот техникасы
№16 жалпы орта білім беретін мектебі
Робот техникасын оқытудағы мақсаты: Балалар қоршаған ортамен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, шынайы өмір проблемаларымен шұғылдана алатын оқу ортасын қалыптастырады.
«Робот техникасы» элективті курсы 5 «А» білім алушылары үшін құрастырушылық оқу тәжірибесін меңгерудің таптырмас құралы бола алады.
Оқушылар аса қызығушылықпен үйреніп бастады, өздіктерінше де интернет желілерінен ізденіп роботтың түрлерімен, олардың қолданылу салалары туралы мәліметтермен танысты. Алған мәліметтерімен робот техникасы сабағында бір-бірімен бөлісіп отырады. Жоспардағы роботтарды жасап үйренді. Оларды құрастыру айтарлықтай қиын емес, оның бағдарламасын жазып,құрастырған роботты қозғалысқа келтіру, сәл қиын болатынын көріп білді. Топтағы оқушылардың біреуі құрастыратын робот түрін ойластырып, оған қандай бөлшектердің керектігін анықтап келсе,басқалары сол бөлшектерді қолдануға ыңғайлы етіп, басқа бөлшектерден айырып жинап береді, енді біреулері көрсетпе бойынша құрастыруға көмектеседі.
«Робот техникасы» курсының жетекшісі: Оразбаев А