05
февраль
2021
“Мейірім төгетін ана”
Білім алушыларға Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күні екенін, бұл күннің біз үшін өте ерекше екендігін айтып түсіндіру. С.А.Назарбаеваның өміріне тоқталып,жаңа мәліметтер беру. Қазақстанның бірінші ханымы “Бөбек” балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі адамгершілік-рухани білім беруінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі,жер бетіндегі өмір сүрген барлық халықтардың арманы-өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіру.Балалардың “мейірімділік” құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту мақсатында мектеп кітапханашысы Ж.Ибрагим “Мейірім төгетін ана” тақырыбында көрме ұйымдастырды.Білім алушылар С.А.Назарбаеваға арналған өлеңдер мен шығармалары туралы оқып білді.