06
февраль
2024
“Гаджет және бала”
2024 жылдың ақпан айының 5 күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары,зияны және пайдасы туралы түсінік беру, интернетті қолдану кезедіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстыру мақсатында 1-4 сынып білім алушыларымен “Гаджет және бала” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Гаджеттерді көп пайдалану балаларды тәуелділікке алып келетіні және денсаулығына кері әсер ететіні айтылды. Білім алушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру мақсатында. Білім алушыларға интернеттің пайдасы мен зиянды жақтары туралы толық ақпарат берілді.