12
октябрь
2021
"Дулатитануға жасалған тағы бір қадам"
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде 1-11 сынып оқушылары арасында "Дулатитануға жасалған тағы бір қадам" тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді. Өткізілген дәріс барысында оқушылар ғұламаның адами құндылықтары мен философиялық ойларымен танысты.
Қанша ғасыр өтсе де айтылған насихат сөздері маңыздылығын жоймай, ұрпақтарын ізгі істерге, адамгершілікке жетелейді. Мұндай танымы терең, тағылымы мол тұщымды ойлар бүгінгі күнде де өз өзектілігін жоймаса керек. Ғұлама өсиеті ұрпақтан ұрпаққа жалғасын табар, желісін үзбес ұлы ұлағат болып қала бермек. Жалпы дәріс барысында "Тарихи-Рашиди"- шығармасының тарихы мен өзектілігі туралы да біраз ойлар қозғалды.