07
октябрь
2021
«Қамқоршылық кеңес мүшелерінің»
2021 жылдың 06 қазан күні № 16 ЖОББМ директорының қатысуымен «Қамқоршылық кеңес мүшелерінің» алдында 2020-2021 оқу жылында атқарылған жұмыстарына есеп беріп өтті. Атқарылған жұмыстар бойынша білім сапасы, тәрбие жұмыстары, әлеуметтік іс-шаралар, мұғалімдердің және білім алушылардың жетістігі сондай-ақ олардың марапаттары, Ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысы туралы, мектебіміздің демеушілер тарапынан отбасылық жағдайы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілгендігі жөнінде бірқатар тақыптар қозғалды. Осы орайда мектебіміздің мақсаты оқытудың инновациялық әдістерін қолдана отырып, білім алушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру. Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін арттыруға, мұғалім мен білім алушылардың шығармашылық әеуетін дамытуға ыңғайлы жағдайлар жасау болып табылады.