12
сентябрь
2025
Рейд
2025 жылдың 12 қыркүйек күні құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңның талаптарына сәйкес, жасөспірімдер арасында қылмыстың алдын алу және ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 1-2-бөлімдерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша Мобильдік топпен бірлескен түнгі рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Рейд барысында сағат 23:00-ден 06:00-ге дейінгі аралықта заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда жасөспірімдердің жөнсіз жүру фактілерінің алдын алу мақсатында ойын алаңдары, кафелер мен мейрамханаларға басқа да қоғамдық орындар тексерілді.
Іс-шара нәтижесінде ешқандай құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.

