29
апрель
2024
Рейд
Меркі ауданы білім бөлімінің 2024 жылғы 29 сәуірдегі №854 хаты негізінде мереке күндері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі №591 «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес, кәмелет жасына толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және ескерту, қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде жалғыз жүруіне, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына байланысты алдын алу жұмыстарын жүргізу мақсатында 2024 жылдың мамыр айының 1 күні кезекшілік кестеге сәйкес, мөлтек аумағының аймақтарына, ойын алаңдарына, дүкендермен көшелерге рейдтік іс-шарасы ұйымдастырылып жүргізілді. Нәтижесінде түнгі мезгілде қараусыз-қадағалаусыз, бей-берекет жүрген оқушылар анықталған жоқ.