15
октябрь
2024
«ИНТЕРНЕТТІҢ СЕНІҢ ӨМІРІҢЕ БЕРЕТІН ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?»
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Облыстық психологиялық қолдау орталығының» 2024 жылғы 10 қазандағы №1-12 хатына сәйкес 15 қазан күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде интернет қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында «Әлемді билеген интернет» тақырыбындағы айлықтың ашылуы өткізіліп, атқарылатын іс-шаралар жоспарымен таныстырып өтті. Іс-шара барысында директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А. Пусырова 6-11 сынып білім алушылар арасында «ИНТЕРНЕТТІҢ СЕНІҢ ӨМІРІҢЕ БЕРЕТІН ӘСЕРІ ҚАНДАЙ?» тақырыбында кездесу өткізілді.Кездесу барысында интернеттің пайдасы мен зияны туралы, ғаламтордың оқушы денсаулығы мен оқу үлгеріміне, бала психологиясына компьютерлік ойындардың тигізетін кері әсері, компьютердегі әр түрлі сайттардың баланы теріс ағымға ойын бұру туралы айтылды. Сонымен қатар лудоманияның адамға әсер ету жолдары, кибербуллинг ұғымы, оның шығу тарихы, кибершабуылдан қорғану механизмдері жайында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында кибербуллингке не үшін бірден назар аудару керектігі, қысым көрген балалардың айрықша белгілері және неліктен адамдар бұндай әрекетке баратыны жайында қоғамдық тәжірибеден мысалдар келтіре отырып, талданды.