06
октябрь
2023
«Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың және өзіне –өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.
2020 жылғы 30 наурыздағы №156 қаулысымен бекітілген 2020-2023 жылдарға арналған жасөспірімдер арасында бала құқықтарын қорғауды күшейту, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл және суицид мәселелерін шешу жөніндегі Жол картасын орындау мақсатында «Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен зорлық-зомбылықтың және өзіне –өзі қол жұмсаудың алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді. Семинарға мектеп директоры Ж.Мажибаев, мектеп психологы А.Байназарова, АПБ ЖПҚ ЮПТ полиция майоры мектеп инспекторы Е.Тупеков қатысты. Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, балалардың өз-өзіне қол жұмсауы, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты өзекті мәселелер көтеріліп, білім алушыларға құқықтық және ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.