08
сентябрь
2023
"Қауіпсіз мектеп ортасы" республикалық акциясы
07.09.2023 ж. күні "Қауіпсіз мектеп ортасы" республикалық акциясы аясында №16 жалпы орта білім беретін мектебінде жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықпен жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 1-11 сыныптар арасында Меркі АПБ ЖПҚ ЮПТ аға инспекторы полиция майоры Тупеков Еркебулан Аяпбергенович «Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» " Жол қауіпсізгі" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында мектеп инспекторы кәмелетке толмағандарға жол белгілері және жол өткелдерінен қауіпсіз өту ережелерімен таныстырып, мектепке жақын орналасқан аумақтар, сол маңдағы жаяу жүргінші өтпелерінен балалардың дұрыс жүріп-тұруы үшін қауіпсіз жағдайларды қалыптастыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Білім алушылар жол ережесін сақтауға байланысты сұрақтар қойып, жауаптарын алып, өз ойларын білдірді.