21
ноябрь
2022
«Денсаулық- өмір негізі" атты денсаулық сағаты өткізілді.
2022 жылдың 1-30 қараша аралығында "Нашақорлық және мінез құлық ауруларыңың алдын алу" айлығы аясында №16 жалпы орта білім беретін мектебінде 21 қараша күні білім алушылардың денсаулығын сақтау мен нығайту мақсатында «Денсаулық- өмір негізі" атты денсаулық сағаты өткізілді.Іс-шарада Аманжолов Алмас Алматович - эпидемиолог дәрігер, Абдрахманов Шакир Абдышавкатович -Меркі аудандық салауаттылық орталығының дәрігері білім алушылармен жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастырудағы ой өрісін дамыту, зиянды әдеттерге еліктеудің, қызығудың өмірлеріне қауіп тудыратынын ескертіп, есрткі, ішімдік және темекенің ағзаға тигізер әсері, келешек өмірлеріне оның зардаптары, адам ағзасына теріс әсері туралы түсіндірді.