04
апрель
2022
"Нашақорлық және оның денсаулыққа кері әсері» тақырыбында дәріс оқып, бейнеролик көрсетті.
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 330 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2011 жылғы 09 маусымдағы № 381 бұйрығы, аудандық білім бөлімінің №373 хаты негізінде кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық пен мінез-құлық ауруларының алдын алу айлығының ашылуы өткізілді. Іс-шара барысында мектеп медбикесі Ф.Ракишова 7-11 сынып білім алушыларына "Нашақорлық және оның денсаулыққа кері әсері» тақырыбында дәріс оқып, бейнеролик көрсетті. ДҚТЖО А.Пусырова мен мектеп психологы А.Байназарова "Зиянды әдеттерден аулақ болайық" тақырыбында әңгіме жүргізді. Білім алушыларға темекі, ішімдік, нашаның адам ағзасына зияны туралы айтып, жадынама таратылды.