25
август
2021
Электрондық портфолио-сандық білім беру ресурстарының жиынтығы"
Жаңа оқу жылы, жаңа бастамалар білім саласына қашан да оң нәтижелер әкелген. Бастамашыл идеялар оқу-ағарту бағытына қажет дүниелердің бірі. Осы орайда Жамбыл облысы әкімдігі Білім басқармасы, Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері Байтулекова Жанар Болатқызының жетекшілігімен "Оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі білім беру ұйымдарының директорларының орынбасарлары"арасында"Педагогикалық саладағы цифрландыру:басқару тәжірибелері және жаңа ұстанымдар" тақырыбында 25 тамыз күні онлайн форматта ақпараттық сессия өтті. Сессия барысында ауданымыздың білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Бопиева Сапаркүл Тұрғанбайқызының басшылығымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қаралып, оның ішінде "2021-2022 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері" туралы әдістемелік нұсқау хатымен таныстыру жүргізілді. "Жетекші мектеп-жаңартылған білім беру жағдайында кәсіби дайын көшбасшы"тақырыбында сөз қозғаған Тараз қаласы ПШО- филиалының тренері Г.Б.Тортаева жаңартылған білім беру жүйесінің тиімділігі мен ығңайлы тұстарын атап өтті.Ақпараттық сессия барысында №16ЖОББ мектебінің директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баубекова Алтынай Курманкуловна"Электрондық портфолио-сандық білім беру ресурстарының жиынтығы" тақырыбында жаңа бастамалардың, педагогика саласында цифрландыру жүйесінің тиімділігі мен артықшылыштары туралы ақпарат беріліп, тәжірибе алмасты.