16
февраль
2024
«Мамандық әлемін ашамыз» тақырыбында өткізілген іс-шарамыз мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру болып табылады.
«Жас аспаз дәрігермен тең» деп дана халқым айтқандай, аспаз мамандығы адам өмірінде ең маңыздысы болып табылады. Аспаз өнері бұрынғы ғасырдан келе жатқан өнер және ең таңдаулы мамандықтың түрі. Мұндай мамандық өте төзімділікті, қайсарлықты талап етеді. Заман талабына сәйкес кәсіптік білім беру саласында адамның табиғи ерекшеліктеріне сәйкес көптеген мамандықтар мен кәсіптерге дайындау – кезек күттірмейтін талап. Осы мақсатта білім алушыларға «Мамандық әлемін ашамыз» тақырыбында өткізілген іс-шарамыз мектеп оқушыларына кәсіби бағыт-бағдар беру болып табылады. Сонымен қатар өз кәсібін бастап жүрген оқушыларымызды насихаттау. Солардың бірі Кикинадзе Элиф 10 сынып білім алушысы ол түрлі кондитерлік тағамдар дайындауды жақсы меңгерген. Ол өзі жасаған тағамдарын ауыл тұрғындарына және жақын маңдағы сауда үйлерінде сатып табыс тауып жүр. Кәсіпкерлік бизнесін бастап жүрген қызымызға үлкен толағай табыстар тілейміз.
КББ педагогі Нуртаева Р.А[media=
КББ педагогі Нуртаева Р.А[media=
]