24
ноябрь
2023
“Жүйке жүйесінің маңызы” тақырыбында ашық сабақ өтті.
№ 16 жалпы орта білім беретін мектебінің 4 “А” сынып білім алушыларымен 23.11.2023 ж күні бастауыш сынып мұғалімі Сүлейманқұл Самал Қайратқызы жаратылыстану пәнінен “Жүйке жүйесінің маңызы” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ оқушыларды жылы лебізбен қарсы алу арқылы “Қолшатыр” әдісімен басталды. Сабақта “Мен зерттей аламын” әдісі бойынша зерттеу жұмысы , “Әткеншек”, “ Балық аулау”, “ Көзімді аш жұбым”, “ Ақылды үкі” әдістері қолданылып, сабақты қорытындылау мақсатында электрондық платформа бойынша “ Сәйкестендіру” әдісі қолданылды. “McDonald’s“ Басбармақ” , “ Смайликтер”, “ Жұлдызша” тәсілдері арқылы өзара және өзін-өзі басқару жүргізілді. Сабақ өз деңгейінде өтіп, мақсатына жетті.