Ағымдағы жылдың 15.09.2025 ж күні 2 “А” сынып білім алушыларымен “ДосболLike“ , “Буллингтен қорған!” тақырыбында тәрбие сағатты өтті. Сабақтың мақсаты : «Буллинг» сөзінің мағынасын ашу, таныту; Жасөспірімдер арасындағы қорлау, мазақтау, намысқа тию жағдайларын алдын алу. Сабақта әдіс - тәсілдер қолданылып , кері байланыс алынды. Сынып жетекшісі : Сүлейманқұл С. Қ
"Смартфонсыз мектеп жобасы!" Мектепте оқу процесінің тиімділігін арттыру мақсатында «Смартфонсыз мектеп» жобасы жүзеге асырылуда. Осыған байланысты күн сайын таңертең рейдтік тексеріс ұйымдастырылып, білім алушылардың ұялы телефондарын арнайы жәшіктерге салуы қадағаланып келеді. Аталған шара оқушылардың сабаққа алаңдамай, сапалы білім алуына, мұғалімнің оқу процесін жүйелі жүргізуіне мүмкіндік беруде.
Бала қауіпсіздігі – басты назарда! Мектепте білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күн сайын таңертеңгілік қабылдау жұмыстары ұйымдастырылып келеді. Мектеп әкімшілігі мен кезекші мұғалімдер білім алушыларды мектеп ауласында күтіп алып, олардың сабаққа уақытылы келуін, сыртқы келбеті мен мектеп формасына сәйкестігін қадағалауда. Бұл шара – оқушылардың мектепке алаңсыз келуін, қауіпсіз ортада сапалы білім алуын қамтамасыз етудің маңызды бөлігі.
Аталған іс-шара 13.09.2025ж күні өткізілді. Акция барысында демеуші жеке кәсіпкері Т.Досалиев аз қамтылған бір отбасына азық – түлікпен басқа да сыйлықтармен қамтамассыз етіп, қайырымдылық көрсетті. Шараның мақсаты — балаларға қуаныш сыйлау, оларға қолдау көрсету және қоғамның мейірімін жеткізу болды. Бір адам жаққан отқа, мың адам жылынады. Ел еңсесін биіктеткен осындай мейірлі істер жаңа көк жиектерге бастай берсін, ата - бабамыздан мұра болып қалған қайырымдылық пен жомарттық болашақта да өз
05.09.2025 ж оқушылардың эмоционалдық жағдайын анықтау, депрессия белгілерінің бар-жоғын, ауырлық дәрежесін, психологиялық көмек қажеттілігін бағалау мақсатында 6-11 сыныптармен А.Бектің «Үмітсіздік шкаласы» жүргізілді.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызыметін ұйымдастыру мақсатында 5 «А» 6 «А» сыныбының ата-аналарымен «Қауыпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз» тақырыбында №1 кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында бір-бірімізді жақсырақ танып білуге көмектесетін «бәрімізге тән нәрсе », «тыныштық тынысы» және «мен балама қалай көмектесе аламын» практикалық жаттығуы орындалды
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының қызыметін ұйымдастыру мақсатында 10«А»,10«Б» сыныптарының ата-аналарымен «Қауыпсіздік пен сенімнің негізін қалаймыз» тақырыбында №1 кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында ата-аналармен «Аялы алақан », «жүрек жылуы» және «менің балам қандай?» тренинг жаттығулары орындалды!
№16 жалпы орта білім беретін мектебінің жанынан ашылған "Мейірім" шағын орталығында Қазақстан Республикасының конституцияның тарихы атты кітап көрмесі ұйымдастырылды Мақсаты: оқырмандарды кітап оқуға қызығушылығын арттыру, кіітап оқу арқылы мәдениеттілікке тәрбиелеу, кітапхана мен оқырмандардың байланысын нығайту [media= Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Сыпатай Мектеп (@16_mektep.sypatay.a) ]