Іс-шаралар » Страница 58 » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау"
26
ноябрь
2021
"Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау"
2021жылы 26 қараша күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде  Меркі АПБ ӘПБ бастығының орынбасары Б.Байтемиров пен мектеп инспекторы Е.Тупековтың қатысуымен "Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және болдырмау" тақырыбында 7-11 сынып білім алушыларымен кездесу өткізілді.Кездесу барысында білім алушыларға зорлық-зомбылық, бопсалау, әлімжеттік, түнгі мезгілде бей-берекет жүрмеуі, жол қауіпсіздігі туралы айтылды.
"Жол ережесінің қауіпсіздігі"
25
ноябрь
2021
"Жол ережесінің қауіпсіздігі"
2021 жылы 25 қараша күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде "Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты айлық аясында, балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, жолда жүру ережелерін есте сақтауға, жол белгілерінің атқаратын қызметін  үйрету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 1-5 сынып білім алушыларына "Жолда жүру ережесін сақтайық!" тақырыбында  дәріс сабақ  өткізілді.
Рухани тәрбие адамгершілік бастауы" тақырыбында іс -шара өтті
24
ноябрь
2021
Рухани тәрбие адамгершілік бастауы" тақырыбында іс -шара өтті
Мектеп кітапханасында 2 а сынып білім алушыларымен " Рухани тәрбие адамгершілік бастауы" тақырыбында адамгершілік,имандылық,әдептілік,мейірімділікті,адалдықты осындай асыл қасиеттерді дамытуымыз қажет. Рухани адамгершілік тәрбиесіндегі құндылықтар мен білім жүйесін дамытып қалыптастыру. Өзіндік ой—санасын дамытуға жағдай жасау.
"Суицидалдық мінез-құлыққа бейімділікті анықтау"
23
ноябрь
2021
"Суицидалдық мінез-құлыққа бейімділікті анықтау"
Меркі ауданы білім бөлімінің жылдық жоспарына сәйкес ЮНИСЕФ жобасы аясында №16 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алушылардың психологиялық жағдайын нығайтуға бағытталған күзгі айлықтың іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп психологтары А.Байназарова, Т.Мухамеджан "Суицидалдық мінез-құлыққа бейімділікті анықтау мақсатында 6-11 сыныптар арасында Сирсаның "Мазасыздық шкаласы", Н.Разуваеваның "Суицидке бейімділік қаупі" модификациясы әдістемесі алынды.
Олқылықтарды жою
20
ноябрь
2021
Олқылықтарды жою
20.11.2021 жыл олқылықтарды жою іс-шара жоспарына сай 5-11 сынып оқушылары жаратылыстану математика бағытындағы пәндер математика, химия, география, физика,биология пәндері бойынша топтық жеке және өзара көмек көрсету жұмыстары жүргізілді
"Ұлттық теңге мақтанышымыз"
18
ноябрь
2021
"Ұлттық теңге мақтанышымыз"
Мектеп кітапханасында  Ұлттық  валюта күніне орай, "Ұлттық теңге мақтанышымыз"  тақырыбында  ақпараттық  танымдық  сағаты өткізілді. Кітапханашы Ибрагим Ж.
"Бес асық" ойынынан жарыс
17
ноябрь
2021
"Бес асық" ойынынан жарыс
Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай қазақтың ұлттық ойындарын жаңғырту мақсатында, мектебімізде 13 қараша күні мұғалімдер арасында "Бес асық" ойынынан жарыс ұйымдастырылып өткізілді. "Бес асық" ойыны ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан асыл мұраларымыздың бірі болып табылады. Ойын нәтижесінде математика пәні мұғалімі Нурланкулова Дамира І - орын, "Мейірім" шағын орталығының тәрбиешісі Таубаева Назира ІІ - орын және мектеп кітапханашысы Ибрагим Жанна ІІІ- орынды иеленіп мақтау қағазымен
"Бала құқығы-адам құқығы"
16
ноябрь
2021
"Бала құқығы-адам құқығы"
2021жылы 20 қазан-20 қараша аралығында Дүниежүзілік балалар күніне арналған "Бала құқығы-адам құқығы" атты республикалық айлық аясында 16 қараша күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде  оқушыларға құқығы мен міндеттерін ұғындыру, құқықтық нормативтік актілерді орындау, құрметтей білуге үйрету, құқыктық сауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында 6 "А" сынып білім алушылары арасында "Адам құқығы-бала құқығы" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Жауапты: Г.Исмайлова
"Бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта Білім беретін мектептеріндегі 1-8 сыныптарға арналған жолда жүру ережесі мен жол қауіпсіздігі негіздерін оқыту бағдарламасын бекіту туралы"
16
ноябрь
2021
"Бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта Білім беретін
2021 жылы 16 қараша күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің "бастауыш, негізгі, орта және жалпы орта білім беретін мектептеріндегі 1-8 сыныптарға арналған жолда жүру ережесі мен жол қауіпсіздігі негіздерін оқыту бағдарламасын бекіту туралы" 2007 жылғы 24 тамыздағы №404 бұйрығына сәйкес, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 1-11 сыныптың ата-аналарымен онлайн форматта жиналыс
"Жол ережесін білу-бәріне міндет"
15
ноябрь
2021
"Жол ережесін білу-бәріне міндет"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының басшысы орынбасарының 2021 жылғы 05 қарашадағы №03-6197-ші хатына сәйкес, облыстық айлық аясында, ағымдағы жылдың 15 қараша күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол -көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында 4 "А", 5 "Б" сынып білім алушылары арасында "Жол ережесін білу-бәріне міндет" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді