22
октябрь
2021
«Салт дәстүр бірлігі»
2021-2022 оқу жылында білім алушылардың функционалдық сауаттылықтары мен әмбебап құзырлықтарын қалыптастыруға , оқу тәрбие процесінде білім алушыларды ұлттық құндылықтар негізінде жалпыадамгершілік құндылықтарға баулуға бағыттау негізінде «Дәстүр пен ғұрып» жобасы аясында мектебімізде бүгінгі күні «Салт дәстүр бірлігі» атты отбасылық сайыс өтті. Сайысқа бастауыш сынып толығымен қамтылып, қызу сайысымыз жоғары деңгейде өтті. Қазақ және орыс сыныптары додаға түскен сайыс кезең-кезеңімен өтті. Сайыс 3-кезеңді қамтып, оның ішінде «Таныстыру», «Әкем, анам және мен» , сонымен қатар «Отбасылық өнер» атты кезеңдерінен құралды. Таныстыру кезеңінде 2 «Б» сынып оқушысы Касенова Айсу және анасы Касенова Наргиз қазақ тілінде таныстыруын арнап өзінің өзге ұлт өкілі бола тұра қазақ тілінде еркін сөйлейтіндігін көрсетіп, қонақтарымыз бен әділ қазы алқаларын тамсандырды, 3 «Б» сынып оқушысы Бадалов Уришан үйлерінің төрінде ілінген қос домбыраны өзінің інісімен бірге қолға алып, құлағымыздың құрышын қандыратын күйді орындап таң қалдыра білді. Ал 4 «Б» сынып білім алушысы Ширинов Шамиль мен анасы Ширинова Азамат Қара жорға биін нақышына келтіріп мың бұралып, көңілімізді бір марқайтты. Әкем,анам және мен сайысында ұмыт қалған дәстүріміз қоржын ашуды көрсеткен Ширинова Азамат өзі балалар мен ересектерге арнап байпақ тоқу өнерімен де таныстырып кетті. Сайысқа қатысқан отбасы мүшелері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталып, зор қошеметке ие болды.