13
октябрь
2021
"Тәуелсіздігіміздің- 30 жылдығына орай"
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен мектептерде экологиялық тәрбие беруді күшейтуге бағытталған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында мектеп алаңдарын көгалдандыру бойынша №16 жалпы орта білім беретін мектебінде Мектеп ауласы атты шеру болып өтті. Акция барысында биылғы "Тәуелсіздігіміздің- 30 жылдығына орай тұспа-тұс келіп отырғандықтан мектебімізде 30 терек ағашы отырғызылып,жасыл желекке бөленіп, күніне бір шелек су құйылып, қаралып бапталуда. Мектебіміздің ауласын сыпырып, тазалап шыққан білім алушылар өз белсенділіктерін көрсетіп, мектебіміздің таза болуына үлестерін қоса білді.