Тәрбиешінің кеңес беру » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбиешінің кеңес беру
02
июнь
2025

Тәрбиешінің кеңес беру

Адам баласы – өмір бойы педагогикалық, психологиялық көмекке зәру болмақ, әсіресе оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Баланы тәрбиелеу алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшада әрі қарай жалғасын табады. Сондықтанда баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен  өзара тығыз байланыста,  яғни  ынтымақтаста болуы маңызды.
Қазіргі кезеңде бала тәрбиесі жүзеге асыруда тәрбиеленудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналармен семинар-кеңестер, тренингтер, отбасына саяхат, кездесулер, сауалнамалар ұйымдастырудың үлкен көмегі бар.
Адамгершілік қасиетті бала бойына сіңіру балабақша мен ата-аналардың педагогикалық ынтымақтастығы арқылы жүзеге асырылады.
Балабақша мен ата-ана ынтымақтастығының негізгі  бағыттары:
-          Ата-аналардың педагогикалық, психологиялық сауаттылығын арттыру;
-          Баланың биімділігі мен отбасылық қажеттілігн есепке алу;
-          Баланы мектепке даярлауды  ата-аналарға көмек көрсету бойынша жұмысын жүргізу.
Отбасымен педагогикалық ынтымақтастық - орнату барысында ата-аналарға арналған  консультациялық пункт №135 балабақшасында  2010 жылдың қыркүйек  айынан бастап ашылды. Ата-аналардың сұраныстарын толық қанағаттандыру мақсатында, балабақшамызда  бала-бақшаға бармайтын балалар және олардың ата-аналарына тегін  кеңес беретін жұмыс  ұйымдастылды. Ол үшін  «Ауэзов» шағын аудандары балабақшаға қараған территориялық  3 жастан 6 жасқа караған балалардың тізімдері  жинақтап жасалды. АКП-ға  ұйымдастырылмаған  жұмысты жасайтын педагогтар мен  жұмыс жоспары құрылды, міндеттер бөлініп берілді, балабақша әдіскері     Г.К.Тайтелиеваға АКП жұмысын жүргізу тапсырылды. Ата-аналарға арналған консультациялық пункт –  бұл ең бала,    ата-ана, педагог арасындағы ынтымақтастық ,  балабақшаға бармайтын үйдегі тәрбиедегі балаларды ортаға  тарту және мектепке даярлау үшін ұйымдаспаған балалары бар жанұямен өзара  қарым--қатынасты орнату. АКП қызметін мамандар тарапынан интеграциялау барсында сараптама жасалып   директор, әдіскер, медбике, пән жетекшілері және  топ тәрбишілері тартылып міндеттері белгіленді. АКП жұмысында - педагогикалық, медициналық сауықтыру, психологиялық педагогикалық бағыттарын қамтиды.

Баланың балабақшаға бейімелуін қалыптастырып, ойыншықтарға назар аударып,  саусаққа киетін ойыншықтарды алып баламен сөйлесу, доппен ойын ұйымдастырып, жаңадан келген балаларды шақыруға мүмкіндік жасайды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив