28
февраль
2023
"Алғыс айту-парызым"
Алғыс айту – бұл ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік және өз ара сенімділік пен құрмет көрсету яғни күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде сол баяғы сенің жан дүниеңдегі аласұрып лаулап өрт болып жатқан қиыншылығыңды бірге арқалап, алдыға жетелеп, әрдайым жаныңның жаршысы бір сөзбен айтқанда «жайылсаң жастар жастық, көсілсең көлденең көрпе» бола білген барлық жандарға шын көңіліңнен алғысымен рахметін айтуы,бұл күні адамдар бір-біріне қуаныш сезімдерін білдіреді. Осы орайда 1-наурыз "Алғыс айту"-күніне орай мектебімізде "Алғыс айту-парызым" атты тақырыпта мерекелік іс-шарасы болып өтті. Мерекелік іс-шарамызға ауылымыздың ақсақалдары мен ақ жаулықты аналары арнайы қонақ болды. Әсем әндер мен, тәрбиелік мәні зор қойылым да өз кезегінде қонақтардың көңіліне жол таба білді.Барынша белсенділік таныта білген білім алушылар мәнерлеп оқу мен жүрек жарды өлең шумақтарын да арнады. Барша Қазақстан халқын 1-наурыз "Алғыс айту күнімен"-шын жүректен құтықтаймыз!