13
декабрь
2022
"Қазыналы қарттарым"
Қария деген сөз елдің басы болу, ақылын айтар дана болу, ел төрінде құрметке бөлену, ас бергенде немерелерінің үлесін бөлер қамқоршысы. Шаңырақтың шаттығын сақтап, бірлігін бекем етуге ақылып айтар елі мен жерінің кеңесшісі. Қазақтың әр отбасында арқа тұтар ата-әжелері бар. Олардың әрбір айтқан гауһар тасқа бергісіз ақылдары жас ұрпақтың өсіп-өркендеуіне өте мол үлесін тигізеді.
Ата-әжесі бар үйдің балалары да өзгеден ерек, ортасындағы ерекшелігі қариялардың ыстық алақанынан дәм татып, жауһар сөздерін саналарына сіңіріп өскендігі білінеді. Ата дәстүр салтымыздан таймай, ескі ғұрыптармен немерелерін нағыз қазақтың салтын сақтар бабалардың жолыменен жүретін өр рухты қазақты тәрбиелеп өсіреді. Сондықтан да болар, қарты бар үйден қазахилықтың иісі ұрып тұрады.Осы орайда 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының тәуелсіздік мейрамы қарсаңында 8,9,10 сынып білім алушылары "Қазыналы қарттарым"- атты ұранмен ауылымыздың қарт тұрғындарына қамқорлық акциясын жүргізді акция барысында есік алдыларын қардан тазалап, көмектесті.