"Ұлтыңды ойласаң-рухты ұл тәрбиеле" » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ұлтыңды ойласаң-рухты ұл тәрбиеле"
09
декабрь
2022

"Ұлтыңды ойласаң-рухты ұл тәрбиеле"

Қазақта «Ұл әкеден үйренбей, сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей, өнеге алмас» деген бар. Расында, «баланы жастан» деген сөздің астарынан-ақ, қазақтың ұрпақ тәрбиесіне қаншалықты көңіл бөлгенін байқауға болады. Арнайы жүргізілген зерттеу бүгінде кез келген баланың тек бір күннің ішінде әкесінен гөрі анасына көп сауалмен жүгінетінін дәлелдеген. Соған қарағанда олардың дені анасын өзіне жақын қоятын секілді. Бұл нені аңғартады?Ата-ана ұрпағын өмірге әкелген соң, бірінші кезекте оны қатарынан қалдырмай киіндірсек, тамағын тойдырсақ болды деп ұғынатындар арамызда жиі кездеседі. Бұл әрине дұрыс емес. Өйткені, бала жас өскін секілді баптағанды, аялағанды қажет етеді. Әсіресе, ұлдар ер адамға қажет тағылымды көбіне әкесінен үйренуге ұмтылады. Жасында ұғынбағанды оның ер жеткенде түсіне қоюы екіталай. Сондықтан, әрбір әке бауыр еті баласының қоғамдағы өз орнын қателеспей табуына ықпал ету керек. Осыған орай 9 желтоқсан күні мектебіміздің 7-11 сынып білім алушыларының әкелер қауымымен "Ұлтыңды ойласаң-рухты ұл тәрбиеле"тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге ақсақалдар, әкелер қатысып ортаға тасталған сауалдарға жан-жақты пікір білдіріп, ой бөлісті. Әкенің ұл бала өмірінде орны мен міндеті жайында ойлар қозғалды. Қазыналы қаттарымыз бұрыңғыны еске алып, салыстырмалы түрде қазіргі ұл балалардың тәрбиесінде қандай қателіктер кетіп жатқанын ортаға салды. Ата-бабамыз ұлды ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдіктің жақтаушысы ол ер азамат деп білген. Осы орайда қолдағы бар алтынымызға дұрыс бағыт-бағдар беру біздің қолымызда.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив