09
март
2022
Қарсылықтылы бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем атты тақырыбында ашық сабағын өтті.
Гуманитарлық пән бірлестігінің айлық барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Құралова Сәуле Жасарқызы Лексикалық тақырыбы: "Бұқаралық ақпарат құралдары" , Грамматикалық тақырыбы : Қарсылықтылы бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем атты тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақ мақсатқа сай сабақтас құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін ажырата алды."Сиқырлы сөздер " ойыны арқылы психологиялық ахуал қалыптастырды."Кезбе тілші "әдісі арқылы үй тапсырмасы сұралды. Сабақ барысында "Сұрақтар жауыны" әдісі арқылы сұхбат жүргізілді.Жаңа сабақ бойынша бейнабаян көрсетіліп,тыңдалым дағдысы іске асырылды,оқылым дағдысы бойынша "ПДМҚ"әдісі бойынша мәтінмен жұмыс жасалып, жазылым дағдысы да іске асырылды.Ширату жаттығу:"SMS-хабарлама" "Оң-теріс"әдісі пайдалана отырып,қағаздан жасалған қалта телефондарынан SMS хабарлама жазу тапсырылды, хабарламада ұсынылған ақпарат құралдарының оң және теріс жақтарын айтып өтті".Сабақ соңында "Көрме жасайық"әдісі арқылы кері байланыс жасалды.Сабақ өте қызықты өтіліп, сабақ өте жақсы деп бағаланды.