04
сентябрь
2021
"Жолдау жүктеген жаңа міндеттер"
"Жолдау жүктеген жаңа міндеттер"
Қыркүйек айының 4 жұлдызы күні №16ЖОББ мектебінде ҚР Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына жолдаған кезекті жолдауын ұстаздар арасында тыңдап, насихаттап қажетемізге жарату мақсатында отырыс өтті. Жаңа бастамалар мен жаңа тапсырмалар айтылған бұл жолдауда ең алдымен халқымыздың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын көтеру, биылғы туындаған жем-шөп мәселесі, жер жүзін жаулаған пандемияға қарсы вакцина, Орта Азия мемлекеттері арасында көшбасшылыққа талпыну, әлемдік экономикада әлеуетімізді көтеру, "Қарапайым заттар экономикасы, " Бизнестің жол картасы" бағдарламаларының жылдары ұзартылып, аталған мәселелермен жұмыстарды жұмыла атқаруға шақырған Президентіміз, халқымыздың ауызбіршілігі мен ынтымақтастығына да зор ықыласпен алғыс айтатынын жеткізді. Ұлағатты ұстаздарысыздың арасында да өзінің баяндамасымен Тарих пәнінің мұғалімі Биғазиев Қуат Асылханұлы сөз алып жолдауға қатысты мұғалімдер арасында пікірімен алмасып, көптеген мәселелердің басын шалып өтті. Орыс тілінде сөз алған Кикинадзе А, жолдауға қарасты туындаған сұрақтарымен бөлісіп, қызығушылық танытып қашанда Президентіміздің жолдауын іске асыру мақсатында, білім жолында аянбай еңбек ететінін баршамызға жеткізді. Жолдауда айтылған әрбір сөз, әрбір тапсырма әр қазақстандық үшін маңызды дүние. Жолдауда біздің кемел келешегіміз, жастарымыздың жарқын болашағы, еліміздің өсіп-өркендеуі, халқымыздың мызғымас достығы мен парасаттылығы жатыр.