19
сентябрь
2024
Ұялы телефон ұстаған бала тиянақты білімге қол жеткізе алмайды!
Ұялы телефон ұстаған бала тиянақты білімге қол жеткізе алмайды!
Оқушыларға сабақ үстінде ұялы телефон пайдалануға тыйым салынады. Бұл бастаманың өзіндік себебі бар.
Смартфонға телміріп, жатса-тұрса телефонын жанынан тастамайтындар қатары күннен-күнге артып келеді. Ал жастардың, оның ішінде оқушылардың телефонға телміруі зияндылығынан бөлек, баланың білім алуға деген ынтасын жоятының бірі білсе, бірі білмейді.
Қазіргі таңда оқушылардың бұрынғыға қарағанда ойлау қабілеттері, танымдары алдағы қарай шапшаң дамып кеткенін біле тұрсақта, алайда оның кері әсері бар.
Қазіргі оқушылардың бойынан тынымсыздық, мазасыздық, агрессияны байқауға болады
Әрине, телефонды қолына алған бала тапсырманы орындай отырып, қажетсіз желілер мен сайттарға кіріп кетуі әбден мүмкін. Оның үстіне тапсырманың жауабын, шешімін кейбір ашық дереккөздерден жүктеп, көшіре салатын жағдайлар да болады. Мұндайда оқушының ойланбайтыны анық.
Осыған орай, №16 жалпы орта білім беретін мектебінде 2024-2025 жаңа оқу жылында білім алушылардың өмір қауіпсіздігі мен алаңсыз білім алуын қамтамасыз ету мақсатында ата-аналардың келісімімен әрбір сынып кабинеттеріне ұялы телефон сақтайтын ұяшықтар жасалды.
Бұл норма тек сабақ кезіндегі шектеулерге қатысты екенін, үзіліс кезінде пайдалануға болатындығы ескертілген.