16
май
2024
Ағылшын тілі мен тарих пәні бірлестігі ”2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР”
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде 15-мамыр күні Ағылшын тілі мен тарих пәні бірлестігі ”2023-2024 ОҚУ ЖЫЛЫНДА ЖАЗҒЫ МЕКТЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР”, оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың, соның ішінде үлгірімі төмен білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды толықтыру мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жазғы мектеп 2024 жылғы 27 мамыр мен 31 мамыр аралығында және ағымдағы жылғы 26-30 тамыз аралығында жұмыс істейтін болады.
Жазғы мектепте сабаққа қатысу өтініштер негізінде ата-аналармен / заңды өкілдермен келісу кезінде бастауыш, негізгі және жалпы орта білім берудің негізгі пәндері бойынша 1-8, 10 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылады.
Педагогтер меңгеруге күрделі деп ұсынылған тақырыптарды, бөлімдерді, бөлімшелер мен оқу мақсаттарын ескере отырып күнтізбелік- тақырыптық жоспарын құрады.
Орта білім беру ұйымдарында жазғы мектептің сабақ кестесі мен жұмыс жоспары бекітіледі. Бастауыш сыныптарда сабақтар 30 минуттан, 5-10 сыныптарда 40 минутқа дейін өткізіледі.
Күніне 5 сабақтан артық емес.