15
январь
2024
“Үздік кабинет -2024”
№ 16 жалпы орта білім беретін мектебінің мектепішілік жоспарына сәйкес педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, кәсіби педагогикалық шығармашылығын ынталандыру және инновациялық идеяларын насихаттау мақсатында “Үздік кабинет -2024” байқауы өткізілді. Байқау ережесіне сәйкес кабинет төлқұжатын , даму жоспарын және кабинет қауіпсіздігі ережесі мен журналы қаралды. Сонымен қатар мектеп әкімшілігінен құралған коммисия мүшелері кабинеттің жабдықталуын стендтердің болуын, гүл отырғызу, әдістемелік құралдар мен электронды құралдар, көрнекі құралдар, тақырыптық папкалар болуы тексеріліп баллдар қойылды. Алдағы уақытта байқау нәтижесі шығарылады.