21
январь
2022
"Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді
Педагогикалық әдеп қызметі мәселелері аясында №16 ЖОББМ "Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлік" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында педагог ата-аналармен, балалармен және әріптестерімен әңгімелесу кезінде педагогикалық этика нормалары мен ережелерін сақтау міндетті екені және педагогикалық әдептің белгілері мен техникасы туралы сөз қозғалды. Педагог мамандығына сай талғаммен киініп, ұқыпты келбетімен үлгі бола отырып, ішкі жан-дүниесінің көркемдігімен, шәкірт жанын ұғына алар кеңпейіл мінезімен көрінуі керек екені айтылды. Сондықтан ұстаздарға қандай кездеде, қандай орта да педагогикалық әдепті ұстанғаны жөн.
Жауапты: директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырова
Жауапты: директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырова