26
ноябрь
2021
"Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі "
26.11.2021жылы №16 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып бірлестігінің айлығы аясында, бастауыш сынып мұғалімі Төкен Нарқыз Асланбекқызы 2 "А" сыныбында математика пәнінен "Екі таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі " тақырыбында ашық сабақ өткізді.Мұғалім сабақтың мақсатына жету үшін нақты, қолжетімді бағалау критерийлерін анықтап, білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, денешынықтыру сабағын кіріктіре отырып" Кім жылдам"," "Қақпа", "Шахмат", әдістері сияқты тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланды." Математикалық эстафета" ойыны арқылы білім алушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Білім алушылар сабақта жұптық, топтық, жеке тапсырмалар орындап, белсенді қатысты.