16 ЖОББМ Кітапханасында “Теңге - Тәуелсіздік нышаны” тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты: - Қазақстанның ұлттық валютасы туралы түсінік беру - Оқушыларды Отанын сүюге, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу - Ақша түрлерін ажырата білуге үйрету.
11-13.11.2025 ж баланың эмоционалды күйін зерттеу мақсатында 1-4 сыныптармен А.Волкованың «Балалар мен жасөспірімдердегі суицид қауіпінің болжамдық кестесі» жүргізілді.
10-12.11.2025 ж оқушылар арасында құқық бұзушылық пен әлімжеттік (буллинг) фактілерін, оған қатысу деңгейін және құқықтық мәдениет деңгейін анықтау мақсатында 5-11 сыныптардан И.Фурманов, А. Реанның «Құқық бұзушылық пен әлімжеттікті анықтау» сауалнамасы алынды
10.11.2025 ж жалғыздық деңгейін, адамның өзін қаншалықты жалғыз сезінетінін анықтау мақсатында 10,11 сыныптармен Д.Рассел, Л. Пепло, М. Фергюсонның «Субъективті күй деңгейі» әдістемесі жүргізілді.
10-11.11.2025 ж баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас ерекшеліктерін, эмоционалдық күйін, өзіндік бағасын, бейімделу мүмкіндіктерін және ішкі жан дүниесінің мазмұнын анықтау мақсатында 1-4 сынып оқушылармен «Адамдары бар ағаш» проективті әдістемесі жүргізілді