Материалы за Февраль 2022 года » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Февраль 2022 года
Тамақтану сапасын мониторинг жүгізу акт
28
февраль
2022
Тамақтану сапасын мониторинг жүгізу акт
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы  АНЫҚТАМА              №16 ЖОББМ     28 ақпан күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.           Тексеру нәтижесінде тамақ өнімдерінің сапасы, олардың тасымалдау, жеткізу, түсіру
Ас мәзірі
28
февраль
2022
Ас мәзірі
Ас мәзірі Үй кеспесі құс етімен -35/250гр Кисель -150/200гр Тәтті нан сүзбемен -20/40 гр Қара бидай наны -40 гр  
Бокстан "Лондон 2012" олимпиадасының қатысушысы, Әлем және Азия чемпионатының қола жүлдегері, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Ғани Жайлауовтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірім ұлдар арасында ғы облыстық ашық турнирі
28
февраль
2022
Бокстан "Лондон 2012" олимпиадасының қатысушысы, Әлем және Азия
Бокстан "Лондон 2012" олимпиадасының қатысушысы, Әлем және Азия чемпионатының қола жүлдегері, ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Ғани Жайлауовтың жүлдесіне арналған бокстан жасөспірім ұлдар арасында ғы облыстық ашық турниріне қатысқан 4 "А" сынып білім алушылары 30 кг салмақ дәрежесінде ІІ орын алғаны үшін Көшербай Айсұлтан Асетұлы, 42 салмақ дәрежесінде Алпыс Ерсұлтан Есейұлы марапатталды. Білім алушыларымызға ары қарай да осы  бағыттан таймай, жеңіс тұғырынан көріне берулерін тілейміз!
"Соңғы дем" әңгімесі тақырыбында 10"Б" сыныбында ашық сабақ өткізді
28
февраль
2022
"Соңғы дем" әңгімесі тақырыбында 10"Б" сыныбында ашық сабақ өткізді
28 қаңтар күні "Қазақ даласының қаhарман қызы Мәншүк Мәметова" атты қазақ тілі мен орыс тілі бірлестігінің айлығы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муратова Гүлжамал Алметқызы Д.Рамазан "Соңғы дем" әңгімесі тақырыбында 10"Б" сыныбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында мұғалім ынтымақтастық атмосферасын орнату үшін "Мадақтар бұрқасыны" тәсілін, "Екі жақты күнделік", "Балық қаңқасы", "Не қиын, не оңай", "Таңдау" әдістерін тиімді пайдаланды. Әр кезеңге лайықты әдіс-тәсілдерді
"Алғыс айту күні-қасиетті де салтанатты күн" тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылып өтті.
28
февраль
2022
"Алғыс айту күні-қасиетті де салтанатты күн" тақырыбында эссе байқауы
1 Наурыз - "Алғыс айту күні" мерекесіне орай 1-11 сынып білім алушылар арасында "Алғыс айту күні-қасиетті де салтанатты күн" тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылып өтті.  Нәтижесінде 3"А" сынып білім алушылары Укен Алина, Ислам Ақнұр, 6"А" сынып білім алушылары Смат Айбол, Бақытжан Айзере, 7"Б" сынып білім алушысы Коркмазова Саният, 9"А" сынып білім алушысы Манапалы Жанерке, 9"Б" сынып білім алушысы Қосалы Ұлбосынның жазған эсселері үздік деп танылды.
"Қазақтың ұлттық бұйымдары " атты  аудандық ұлттық қол өнер көрмесінде мата өңдеу жұмыстары  бойынша жарыс өткізілді
26
февраль
2022
"Қазақтың ұлттық бұйымдары " атты аудандық ұлттық қол өнер
"Болашаққа бағдар - рухани жаңғырту " бағдарламасы аясында. "Қазақтың ұлттық бұйымдары " атты  аудандық ұлттық қол өнер көрмесінде мата өңдеу жұмыстары бойынша , №16 жалпы орта білім беретін мектебінің технология пәні мұғалімі Жумалиева Нуржамал  бас жүлдені жеңіп алып  Дипломмен  марапатталды . Шығармашылық  табыстарыңыз көп болсын!!!! Құттықтаймыз !!!! 🥇🥇🥇💐💐💐💐
"Аудандағы  елді мекендерді абаттандыру,көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлық кезінде атқарылған жұмыстардың іс-шарасын бекіту туралы "
26
февраль
2022
"Аудандағы елді мекендерді абаттандыру,көгалдандыру және санитарлық
Меркі ауданы әкімінің 2022 жылғы "Аудандағы  елді мекендерді абаттандыру,көгалдандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бойынша көктемгі екі айлық кезінде атқарылған жұмыстардың іс-шарасын бекіту туралы " Қаулысының іс-шара жоспарға сәйкес  ағымдағы жылдың  26 ақпаны  күні  №16 жалпы орта білім беретін мектебінде техникалық қызметкерлерді  тарта отырып, нысан аумағына  абаттандыру және санитарлық тазалық жұмыстары бойынша сенбілік болып өтті
Асханадағы тамақтанудың ұйымдастырылуы
25
февраль
2022
Асханадағы тамақтанудың ұйымдастырылуы
     Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды. Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде қауіпсіздік
"Дұрыс тамақтану—денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
25
февраль
2022
"Дұрыс тамақтану—денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты
№16 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында. "Дұрыс тамақтану—денсаулық кепілі" тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Адамның ең үлкен байлығы—денсаулық. Ал денсаулықты,ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі-дұрыс  тамақтану. Дұрыс тамақтану, уақтылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру. Оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.