Материалы за Октябрь 2021 года » Страница 4 » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Октябрь 2021 года » Страница 4
«Дұрыс тамақтану»
18
октябрь
2021
«Дұрыс тамақтану»
18.10.2021 жылы №16 жалпы орта білім беретін мектебінің дүниежүзілік психикалық денсаулық күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес білім алушылардың психикалық денсаулығын нығайту мақсатында 7-11 сыныптар арасында «Мен өз отбасымды жақсы көремін», «Менің хоббиім», «Дұрыс ұйқы денсаулық кепілі», «Дұрыс тамақтану», «Таза ауада серуен» тақырыптарында қабырға газеттері iлiндi.
"Құрақтың түрленуі"
18
октябрь
2021
"Құрақтың түрленуі"
Қолөнер халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа мән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі - түсті ою - өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым - қатынасын, көңіл - күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнерін шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларын арқау
"Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі"
18
октябрь
2021
"Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі"
Ұлы Дала Өркениеттері байқауы аясында №16 ЖОББМ "Ұлттық қолөнер-тәрбие көзі"  атты көрме өтті. Көрмеге мектебіміздің білім алушыларының өз қолдарымен жасаған көркем еңбектері қойылып келген қонақтардың назарын өзіне аудартты. Ұлттық қолөнер қашан да қаймағы бұзылмаған қазағымның басты байлығы. Ою өрнектер,  қолдан қиылып жасалған сан түрлі бұйымдардан қазағымның иісі аңқып тұрғандай. Қолөнеріміз арқылы дәстүрімізді,  салт-санамызды,  тіліміз бен дінімізді берік сақтап,  өскелең ұрпаққа аманат
Мәдениет-ұлттық қайта өркендеу коды"
18
октябрь
2021
Мәдениет-ұлттық қайта өркендеу коды"
Ағымдағы жылы қазан айының 16 күні мектебімізде Ұлы дала өркениеттері байқауы бойынша "Мәдениет-ұлттық қайта өркендеу коды"-атты дөңгелек үстел өтті. Іс шарамызға ауданымыздың №9 Меркі коледжінің директоры Мамырбаев Ғалымжан Қырықбаевич,  Оқушылар" Үміт" сарайының директоры Бейсенбаевна Зәуре Туребековна, "Өркен"  балалар шығармашылығын дамыту орталығынығ директоры Мамикова Урияхан Оспановна, №9ЖОББМ директоры Қыстауов Болатбек Танирбергенович секілді азаматтарымыз қатысып, ұлттық
"Оқуға құштар   мектеп"
16
октябрь
2021
"Оқуға құштар мектеп"
Оқу-біздің балаларымыздың білімін,тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды факторы.#16 жалпы орта білім беретін мектебінің ағылшын  тілі пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен "Оқуға құштар   мектеп"жобасы бойынша білім алушылар әлем әдебиетімен, сонымен қатар  ұялы телефондарға жүктеп алған программаларымен мобильді кітапхана арқылы өз таңдаулары бойынша қалаған кітаптарын кез-келген уақытта оқи алады.
"Бақытты балалық шақ"
16
октябрь
2021
"Бақытты балалық шақ"
2021жылы 15 қазан күні сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттері мен көркемдік қиялын дамыту мақсатында №16 жалпы орта білім беретін мектебінде бейнелеу пәні мұғалімі А.Туменбаеваның ұйымдастыруымен  5а,5б сынып білім алушылары арасында "Бақытты балалық шақ" тақырыбында сурет байқауы өткізілді.Нәтижесінде бас жүлдені Көшербей Мейіржан, I орын Кикинадзе Сабрина, II орын Ширинов Ибрагим, III орын Қайырбек Парасат иеленді.
"Ұлы дала өркениеті"
15
октябрь
2021
"Ұлы дала өркениеті"
Мектебімізде қазанның 15 күні "Ұлы дала өркениеті" байқауының "Талант-табиғаттан, талап өзіңнен" атты бөлімі бойынша Меркі ауданының айтыскер ақыны, жыршы, сазгер, ақындықтың қаршығасы Шошабаев Бейбіт Сейтімбетұлымен кездесу өтті. Әр өңірдің мақтан тұтар өнерпаздары болады. Ақынның "Меркі менің мекенім" атты өлеңіне 10 сынып білім алушылары челендж түсіріп, мектебіміздің "Домбыра дастан" жас талант домбырашыларынан құралған оркестрі өз жалғасын тапты. Білім алушылар ақынның "Сыпатай толғауын"
«Дәрумендер және олардың маңызы»
14
октябрь
2021
«Дәрумендер және олардың маңызы»
Қазаның 13 жұлдызында биология пәнінің мұғалімі Г.Рахишова 8 «А»  сыныбында «Дәрумендер және олардың маңызы» тақырыбында сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: Адам ағзасындағы дәрумендердің маңыздылығы, тамақтану улану себептері, улану кезіндегі алғашқы көмек. Сабақ барысында «Гүлмен тілек», «Миға шабуыл», «Карусель», «Джигсо» әдістер арқылы білім алушылар жауап беріп, өзара топтық талқылап, өз ойымен бөлісіп және дене жаттығуларын жасап мақсатына жетті.
Қазақтың арқалы ақыны, қоғам қайраткері  Қасым Аманжолов  110 жыл
14
октябрь
2021
Қазақтың арқалы ақыны, қоғам қайраткері Қасым Аманжолов 110 жыл
Қазақтың арқалы ақыны, қоғам қайраткері  Қасым Аманжолов  110 жыл.  Қазақ әдебиетіндегі жалынды поэзиялық туындылардың тақырыбы мен ой тереңдігін сараптамай білуге үйрете отырып, мәнерлеп оқу қабілеті мен рухани танымдарын кеңейту. Поэзиялық шығармаларды оқытуға оқушылардың  ынта-жігерлерін арттыру.  Орындаған мектеп кітапханашы  Ибрагим Ж.