№16 ЖОББМ ұлдарымен жиналыс
2021жылы қазанның 12 күні №16 жалпы орта білім беретін мектебінде директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Пусырованың ұйымдастыруымен 8-11 сыныптың ұлдарымен жиналыс өткізілді. Жиналыста электронды темекінің ағзаға тигізетін кері әсері және туындайтын ауру түрлері айтылып, зиянды әдеттерден аулақ болуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігі туралы түсіндіріліп, айтылды.