320 қаулы ӨЗГЕРІС,ТОЛЫКТЫРУ » СШ№16 с.Сыпатай
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданының білім бөлімінің
«№16 жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 5-16-91
Есепші бөлімі:
+7(72632) 5-16-91
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 320 қаулы ӨЗГЕРІС,ТОЛЫКТЫРУ
01
октябрь
2024

320 қаулы ӨЗГЕРІС,ТОЛЫКТЫРУ

320 қаулы ӨЗГЕРІС,ТОЛЫКТЫРУ Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту тур

Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысы
(2022.31.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары бекітілсін;
2) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері мен түрлері.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
ҚР Үкіметінің 2018.26.10. № 686 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағының 7) тармақшасын, осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлерінің 1-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі 

К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 320 қаулысымен
бекітілген


Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру
қағидалары

1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек берудің тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2022.31.03. № 182 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Мемлекет білім алу кезеңінде:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп және (немесе) оқып жүрген даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға;
3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу және өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балаларға әлеуметтік көмекке арналған шығыстарды толық қамтамасыз етеді.
3. Толық мемлекеттік қамтамасыз ету білім беру ұйымының интернатында тұратын орын, жұмсақ мүкәммал, жабдықтар мен киім-кешек, тамақ, оқулықтар мен медициналық көмек беруді қамтиды.
4. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға білім алуы кезеңінде медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 326 Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2018.13.06. № 342 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2019.03.05. № 241 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.11. № 859 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2022.31.03. № 182 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Мемлекет білім алу кезеңінде:
1) көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;
2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балаларға;
4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп және оқып жүрген балаларға;
5) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне;
6) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша үйде немесе стационарлық жағдайларда медициналық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда ұзақ уақыт оқитын балаларға;
7) «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге;
8) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге санаттағы азаматтарға арналған шығыстарды ішінара өтейді.
Мемлекет осы Қағидалардың 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген санаттағы азаматтарға тамағы үшін тамақ құнының 80 пайызы мөлшерінде (20 пайызы ата-аналардың төлемі есебінен жабылады) шығыстарды өтейді.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі, баланы қабылдайтын отбасылардағы адамдардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебі республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен тегін ыстық тамақтануға құқығы бар.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет тамақтану құнының 100 пайызы мөлшерінде ыстық тамаққа кететін шығыстарды өтейді.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет ыстық тамаққа кететін шығыстарды жергілікті бюджеттер есебінен жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебімен өтейді.
Тамақтануға кететін шығыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толықтай жергілікті бюджеттер есебінен жабылуы мүмкін.
Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек берудің мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне сәйкес мектепте бір рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген, шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмекті осы мемлекеттік орган көрсетеді.
ҚР Үкіметінің 2019.20.11. № 859 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2021.20.05. № 330 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2022.31.03. № 182 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мынадай растаушы құжаттардың бірімен қоса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толған балалардың, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің еркін нысандағы жазбаша өтінішімен жүзеге асырады:
1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қорғаншылықты (қамқоршылықты) бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге немесе баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың көшірмелері;
4) мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;
5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;
6) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алынған табыстар туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс);
7) 5-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – оқу орнына қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы табыстар сомасын жыл басынан бастап әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат тағайындау үшін өтініш берген сәтке дейінгі барлық айларға (өтініш берген айды қоса алғанда) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен айқындалады.
Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу кезінде отбасының құрамында ата-аналары (өзге заңды өкiлдерi) және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалар ескеріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасылардан шыққан балалар үшін білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек алу құқығы жыл сайын осы Қағидалардың 6-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес білім беру ұйымына құжаттарды ұсыну арқылы расталуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2022.31.03. № 182 Қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Білім беру ұйымы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қажетті құжаттармен бірге өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оларды қарайды және әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өтінішті қабылдаудан бас тартады.
8. Өтініш берушінің әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға алып келетін жалған мәліметтер ұсынуы және әлеуметтік көмек алуға әсер ететін жағдаяттар туралы уақтылы хабарламауы азаматтарға әлеуметтік көмекті көрсетуден бас тарту болып табылады.
Бас тартылған жағдайда жазбаша түрде әлеуметтік көмек ұсынудан бас тарту себептері туралы дәлелді жауап беріледі.
ҚР Үкіметінің 2022.31.03. № 182 Қаулысымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымының басшысы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға каникул кезеңінде білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдардың қаражаты есебінен олар тәрбиеленген ұйымдар мен отбасыларға жол жүруін, тәуліктік шығыстарды заңнамада белгіленген тәртіппен қаржыландыруды;
2) каникул кезеңінде ұйымдастырылған демалыс орындарына бармайтын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім алушыларға тамақтануға арналған тәуліктік норма құнының шегінде қолма-қол ақша бөлуді жүзеге асырады.
10. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға білім алу кезеңінде жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығы беріледі.
11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымының басшысы мүмкіндігіне қарай:
1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) мүгедектерге және бала кезінен мүгедек балаларға еңбек лагерлеріне, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне, студенттік сауықтыру лагерлеріне, ал медициналық айғақтар болған кезде тиісті бейіндегі шипайжайларға білім беру ұйымының қаражаты есебінен тегін жолдамалар береді.
12. Білім алу кезеңінде мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жол жүруіне байланысты шығыстар оқушының және студенттің жол жүру билеттерінің құны есебімен мемлекеттік білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. Қосымша білім беру ұйымдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың білім алуы осы ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2022.31.03. № 182 Қаулысымен 14-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
14. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың шығындарын білім беру саласындағы уәкілетті орган не бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтінімдері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 320 қаулысымен
бекітілген


Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, 
көздері және түрлері

ҚР Үкіметінің 2018.13.06. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.03.05. № 241 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.11. № 859 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында (түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетін және оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тамақтандыру, киім-кешекпен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне (бұдан әрі - мөлшерге, көздерге және түрлерге) 12345-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
Шаруашылық мүкәммал, жеке гигиеналық заттар, ойыншықтар, көркем әдебиет сатып алуға, мәдени-бұқаралық іс-шараларға жұмсалатын шығыстар сомасы жабдықтар, мүкәммал сатып алуға және ғимараттар мен құрылысқа күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстарды есепке алмағанда барлық тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау құнының кемінде үш пайызы мөлшерінде болады.
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттер үшін тамақтану нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен білім алушыларға негізгі орта, жалпы орта, мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аяқтағаннан кейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына (түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) түсу кезінде берілетін киім-кешек, аяқ киім нормасы мөлшерге, көздерге және түрлерге 6-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Бұдан басқа, осы санаттағы білім алушылар үшін екі айлық есептік көрсеткіш сомасында біржолғы ақшалай жәрдемақы көзделген.
3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен білім алушыларға негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аяқтағаннан кейін (түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) берілетін киім-кешек, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал, жабдықтар нормасы мөлшерге, көздерге және түрлерге 7-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Бұдан басқа, осы санаттағы білім алушылар үшін төрт айлық есептік көрсеткіш сомасында біржолғы ақшалай жәрдемақы көзделген.
4. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектерді және бала кезінен мүгедектерді, мүгедек балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды, кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
5. Мемлекеттің толықтай және ішінара қамтамасыз етуіндегі жалпы және шипажайлық үлгідегі мектеп-интернаттарда тұратын балалар мен білім алушыларды тамақтандыру, жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 9-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
6. Мемлекеттің толықтай және ішінара қамтамасыз етуіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 9 және 10-қосымшаларға, ал республикалық әскери мектеп-интернаттары үшін - 9, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
7. Сәбилер үйіндегі балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 11 және 12-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 326 Қаулысымен 7-1-тармақпен толықтырылды 
7-1. Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте тамақтандыру нормалары әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне, түрлеріне 15-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
8. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты мемлекеттік білім беру ұйымдары демеушілік және қайырымдылық көмектер алатын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақылы түрде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) ұсынудан түсетін қаражат әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға олардың білім алуы кезеңінде әлеуметтік көмек ұсыну көзі болып табылады.

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
1-қосымша


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) 
тәрбиеленетін және (немесе) білім алатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ 
мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

АтауыӨлшем бірлігіМектеп жасындағы бір тәрбиеленушігеМектеп жасына дейінгі бір тәрбиеленушіге
саныкиілу мерзімі (жыл)саныкиілу мерзімі (жыл)
123456
Киім-кешек
Қысқы пальто, тон дана1212
Маусымдық пальто, күрте"1212
Мектеп киімі жиынтық11--
Ер балалардың мақта-матадан тігілген ақ көйлектері дана22--
Спорттық киім және кедаларжиынтық11--
Ер балалар костюмі"3231
Қыз балалардың көйлектері (белдемшелер, блузка) дана3231
Қыз балалардың үйде киетін халаттары "2222
Ер балалардың мақта-матадан тігілген сыртқы көйлектері "3131
Жүннен тігілген мерекелік көйлек "2121
Жүннен тігілген мерекелік костюм жиынтық1111
Жүннен тоқылған свитер (жемпір)дана1222
Жазғы мерекелік көйлек "2121
Қыз балалардың гамашы "2121
Жазғы бас киім "1111
Қысқы бас киім "1212
Күзгі-көктемгі бас киім "1212
Іш киім жиынтық2152
Қол орамал дана4141
Ер балалар шалбарының белбеуі "11--
Жартылай жүнді шарф "1212
Қолғап (биялай) жұп2132
Қыз балалардың бюстгальтері дана41--
Майкалар, трусилер "6/316/31
Мақта-матадан тоқылған колготки, шұлық, гольфтар жұп5161
Жүннен тоқылған колготки, шұлық, гольфтар "6161
12 мен 18 жас аралығындағы қыздарға арналған гигиеналық заттар"1501--
Бәтеңкелер, туфлилер (сандалии)"3131
Кроссовкалар"1111
Үйде киетін аяқ киім "2131
Етіктер, бәтеңкелер (қысқы)"1111
Резеңке етіктер"1211
Спорттық бас киім"1212
Түнгі жейделер, пижамалар"2121
Колготки (жұқа)"5161
Алжапқыштар (көкірекшелер)"

21
Құмда жату, шомылу, малту іш киімдері"1111
Жұмыс киіміжиынтық1212
Портфель, сөмкедана22--
Шабадан"1515
Жұмсақ мүкәммал
Ақ жаймадана3252
Көрпе тысы"2333
Жастықтың тысы (ішкі)"1414
Жастықтың тысы (сыртқы)"3232
Мақта-матадан жасалған вафельді сүлгідана3232
Түкті сүлгі"3332
Жүннен немесе мақтадан жасалған көрпе"1616
Түкті көрпе"1414
Матрац"1413
Жастық"1818
Төсек жапқыш"1616
Кереует алдындағы кілемше"1414









ҚР Үкіметінің 2022.31.03. № 182 Қаулысымен 2-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
2-қосымша

Мемлекеттік техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) білім алатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

АтауыӨлшем бірлігіБеру нормасыКиілу мерзімі (жыл)
ер балалар үшінқыз балалар үшін
12345
Киім-кешек
Жылы күртедана112
Жасөспірімдердің жүннен тігілген үштік костюміжиынтық1-2
Қыздардың жүннен тігілген үштік костюмі--12
Қыздардың блузкасыдана-11
Жасөспірімдердің жейдесі-1-1
Қыздардың қысқы көйлегі--11
Қыздардың блузкасы мен белдемшесі--11
Жасөспірімдердің мақта-матадан тігілген костюміжиынтық1-1
Жасөспірімдердің майкасыдана2-1
Қыздардың іш көйлегі--21
Қыздардың лосинасы--21
Трусилер-441
12345
Бас киім: қысқы; күзгі-1 11 12 2
Туфлижұп111
Бәтеңке-111
Жылы етік (қысқа қонышты етік)-111
Ауылдық кәсіптік лицейлер оқушылары үшін керзі етік-111
Жасөспірімдердің қысқа жең жейдесідана2-1
Қыздардың жазғы көйлегідана-21
Спорттық шәркелержұп111
Қолғап (биялай)-221
Мақта-матадан тоқылған шұлықтар-421
Жүннен тоқылған шұлықтар-221
Колготкалардана-41
Жартылай жүннен тоқылған колготкалар--21
Орамал (шарф)-111
Қол орамалдар-441
Жаттығу костюміжиынтық111
Бюстгальтердана-41
Қыздардың түнде киетін жейдесі--11
Қыздарға арналған гигиена заттары--1501
Жұмсақ мүкәммал
Ақжаймадана332
Көрпе тысы-223
Жастықтың тысы (ішкі)-114
Жастықтың тысы (сыртқы)-332
Мақта-матадан жасалған вафельді сүлгі-332
Түкті сүлгі-333
12345
Жүннен немесе мақтадан жасалған көрпе-116
Түкті көрпе-114
Матрац-114
Жастық-118
Төсек жапқыш-116
Кереует алдындағы кілемше-114
Ескертпе:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген, шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қалауы бойынша киімнің, аяқ киімнің, жұмсақ мүкәммал мен жабдықтың орнына ақшалай өтемақы беруге немесе оларды білім алушының жеке шотына киімді, аяқ киімді, жұмсақ мүкәммал мен жабдықты өз бетінше сатып алуға екінші деңгейдегі банкке аударуға рұқсат етіледі.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген, шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға киім, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал мен жабдық сатып алуға арналған шығыстардың ақшалай нормасы бір білім алушыға киім, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал мен жабдық құнының 100 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
3-қосымша


Балалар бөбекжайында, балабақшаларда және мектепке дейінгі санаторий ұйымдарында тәрбиеленетін балаларды
тамақтандыру нормалары (бір балаға күніне граммен)

АтауыБалалардың жас мөлшеріСанаторий ұйымдарында
3 жасқа дейін3 жастан 7 жасқа дейін
Ұйымдарда болу ұзақтығы
9-10,5 сағат12-24 сағат9-10,5 сағат12 сағат24 сағат3 жасқа дейін3-7 жасқа дейін
12345678
Азық-түлік
Бидай наны55608011011070110
Қара бидай наны25304060608060
Бидай ұны16162025251625
Картоп ұны3333333
Жарма, бұршақ, макарон өнімдері20303045453545
Картоп120150190220220150250
Әртүрлі көкөністер180200200250250300300
Жаңа піскен жемістер901306060150250350
Кептірілген жемістер10101010151515
Кондитерлік бұйымдар471010101015
Қант35504555555060
Сары май12172023253035
Өсімдік майы56799610
Жұмыртқа (дана)0,250,50,50,50,511
Сүт500600420500500700700
Сүзбе40504050505075
Ет6085100100100120160
Балық20254550502570
Қаймақ55510152025
Ірімшік335551010
Шай0,20,20,20,20,20,20,2
Дәнді кофе1122212
Тұз2255858
Ашытқы1111111










ҚР Үкіметінің 2022.31.03. № 182 Қаулысымен 4-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
4-қосымша


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда және интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін балалар мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу және өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды тамақтандыру нормалары

АтауыБір балаға арналған норма (күніне граммен)
мектеп жасына дейінгімектеп жасындағы
123
Азық-түлік
Қара бидай наны60150
Бидай наны100200
Бидай ұны3535
Картоп ұны33
Жарма, бұршақ, макарон өнімдері4575
Картоп300400
Көкөністер және басқа да түрлі жемістер400470
Жаңа піскен жемістер260250
Кептірілген жемістер1015
Шырындар200200
Кондитерлік бұйымдар2525
Қант5570
123
Сары май3550
Өсімдік майы1218
Жұмыртқа (дана)11
Сүт, қышқыл сүт өнімдері500500
Сүзбе5070
Ет95100
Құс еті2530
Балық және майшабақ60110
Шұжық өнімдері1025
Қаймақ1010
Ірімшік1012
Шай0,20,2
Кофе24
Какао12
Тұз88
Дәмдеуіштер22
Ашытқы11
Ескертпе:
1. Жазғы сауықтыру кезеңінде (90 күнге дейін), жексенбі, мереке күндері, каникул күндері тамақтандыруға арналған шығыстар нормасы 10 пайызға көбейтіледі.
2. Жекелеген тамақ өнімдерін алмастыруды «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілетін өнімдерді алмастыру кестесіне сәйкес бөлінген қаражат шегінде жүргізуге рұқсат етіледі.
3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілерін техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін жіберген кезде оларға интернаттық ұйымдарды ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жолда болу уақытына қызметтік іссапарлардың нормалары бойынша жол жүру мен тәуліктік шығыстар төленеді. Бұл ретте осы тәрбиеленушілер үшін тамақтандыруға белгіленген шығыстар жүргізілмейді.
4. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының және барлық үлгідегі интернаттық ұйымдардың басшыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар каникул күндері, жексенбі және мереке күндері туыстарының немесе жекелеген азаматтардың отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңде тамақтандыру нормаларына сәйкес азық-түлік немесе тамақтану құны шегінде қолма-қол ақша беруге рұқсат етіледі.
5. Интернаттық ұйымдарда оқитын (тұрмай) білім алушылардың тамақтануына арналған шығыстардың ақшалай нормасы күніне бір білім алушыға арналған тамақтану құнының 75 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
6. Музыкалық немесе көркемөнер колледжінің бір білім алушысын тамақтандыру нормалары мектеп жасындағы бір балаға арналған тамақтандыру нормаларына сәйкес келеді.

ҚР Үкіметінің 2018.13.06. № 342 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2019.20.11. № 859 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 5-қосымша өзгертілді
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
5-қосымша


ҚР Үкіметінің 2019.03.05. № 241 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан шыққан білім алушылар мен студенттерді және «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерді тамақтандыру 
нормалары

АтауыБір адамға арналған норма
(күніне граммен)
12
Азық-түлік
Қара бидай наны170
Бидай наны280
Бидай ұны35
Картоп ұны3
Жарма, бұршақ, макарон өнімдері75
Картоп400
Көкөніс және басқа түрі470
Жаңа піскен жемістер250
Шырындар200
Кептірілген жемістер15
Қант70
Кондитерлік бұйымдар25
Кофе4
Какао2
Шай2
Ет160
Құс еті30
Балық, майшабақ110
Шұжық өнімдері25
Сүт, қышқыл сүт өнімдері500
Сүзбе70
Қаймақ10
Ірімшік12
Сары май50
Өсімдік майы18
Дәмдеуіштер2
Тұз8
Ашытқы1
Жұмыртқа (дана)1

Ескертпе:
1. Жазғы сауықтыру кезеңінде (90 күнге дейін), жексенбі, мереке күндері және каникул күндері тамақтандыруға арналған шығыстар нормасы 10 пайызға көбейтіледі.
2. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларға ыстық тамақ болмаған кезде, сондай-ақ бір-екі рет тамақтандырылған кезде білім алушыларға тамақтың орнына алынған ыстық тамақтың өтелмеген құнының мөлшерінде (саудалық үстеме бағасы ескеріле отырып) толық немесе ішінара ақшалай өтемақы төленеді.
3. Жоғары білім беру ұйымдарында және «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша білім алатын студенттерді тамақтандыру шығыстарын төлеу жеке тұлғаларға олардың сомаларын банкте ашылған ағымдағы шотқа аудару арқылы ақшалай баламада жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2022.31.03. № 182 Қаулысымен 6-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
6-қосымша

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарын бітірушілерге техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарына (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) оқуға түскен кезде берілетін киімнің, аяқ киімнің нормалары

АтауыӨлшем бірлігіБір тәрбиеленушіге арналған саны
123
Маусымдық пальто немесе жылы күздік күртедана1
Бас киім (күзгі)-1
Жылы шарф-1
Қолғапжұп1
Аяқ киім-1
Үйде киетін шәрке-1
Қыздарға арналған іш көйлекдана2
Түнде киетін жейде (көйлек), пижама-2
Бюстгальтер-2
Қыздар гамашы-2
Колготкаларжұп2
Жасөспірімдер майкасыдана2
Трусилер-2
Мақта-матадан тоқылған шұлықжұп2
Трикодана1
Жасөспірімдердің мақта-матадан тігілген көйлегі-2
Шалбар (ерлерге арналған)-1
Жүннен тігілген ер балалар костюміжиынтық1
123
Жүннен тігілген қыздар костюміжиынтық1
Мақта-матадан тігілген қыздар көйлегідана1
Үйде киетін халат-1
Қол орамал-2
Сүлгі-1
Шабадан немесе сөмкедана1
Жеке гигиена заттары:
иіс сабын және кір сабын;
сусабын;
паста;
тіс щеткесі.
дана2
1
1
1
Ескертпе:
1. Жоғарыда аталған киім және аяқ киім тізбесімен жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі және баланы қабылдайтын отбасыдағы балалар да қамтамасыз етіледі.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қалауы бойынша киімнің, аяқ киімнің, жұмсақ мүкәммал мен жабдықтың орнына ақшалай өтемақы беруге немесе оларды білім алушының жеке шотына киімді, аяқ киімді, жұмсақ мүкәммал мен жабдықты өз бетінше сатып алуға екінші деңгейдегі банкке аударуға рұқсат етіледі.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға киім, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал мен жабдық сатып алуға арналған шығыстардың ақшалай нормасы бір білім алушыға киім, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал мен жабдық құнының 100 пайызы мөлшерінде белгіленеді.

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
7-қосымша


Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арасынан балаларды жұмысқа жіберу және жұмысқа орналастыру
кезінде оларға берілетін киімдердің, аяқ киімдердің, жұмсақ мүкәммалдың, жабдықтардың нормалары

АтауыӨлшем бірлігіЗаттар саны
ер балаларғақыз балаларға
1234
Киім-кешек
Қысқы пальтодана11
Маусымдық пальто, күрте"11
Бас киім: қысқы
күзгі
"
"
1
1
1
1
Жылы шарф"11
Қолғап (биялай)жұп11
Аяқ киім: 
күзгі
жазғы
қысқы жылы
"
"
"
1
1
1
1
1
1
Шәрке"11
Іш киімжиынтық2-
Іш көйлекдана-1
Түнде киетін жейде"-1
Бюстгальтер"-4
Колготкижұп-2
Костюм, мерекелік көйлекдана11
Спорттық костюмжиынтық11
Жібек блузкадана-1
Мерекелік көйлек"1-
Жүн матадан тігілген сарафан (белдемше)"-1
Жүн матадан тігілген шалбар"1-
Көйлек, сыртқы блузка"11
Көйлек (мақта-матадан тігілген костюм)"11
Жакет немесе жемпір"11
Қол орамал"22
Шұлықтар, гольфтаржұп22
Портфель, сөмкедана11
Шабадан"11
Жұмсақ мүкәммал
Зығыр сүлгі"11
Түкті орамал"11
Жастықтың тысы (ішкі)"11
Жастықтың тысы (сыртқы)"22
Жүн көрпе"11
Ақжайма"22
Төсек жапқыш"11
Көрпе тысы"22
Мақталы матрац"11
Жастық"11
Терезе пердесіжұп11
Жабдықтар
Кереует"11
Тумбочка"11
Үстел"11
Орындықтар"22
Ыдыс-аяқ
Ас үйлікжиынтық11
Асханалық"11

Ескертпе:
Негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, жоғары және білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары осы тізбеге бөлінген қаражат шегінде жекелеген өзгерістер енгізе алады. Білім алушының қалауы бойынша киімнің, аяқ киімнің, жұмсақ мүкәммалдың және жабдықтың орнына ақшалай өтемақы беруге немесе киімді, аяқ киімді, жұмсақ мүкәммалды және жабдықты өз бетінше сатып алуға екінші деңгейдегі банкке білім алушының жеке шотына аударуға рұқсат етіледі.
Білім алушыға білім беру ұйымын бітірген соң оқу кезеңінде оның пайдалануында болған, кию мерзімі бітпеген киім мен аяқ киімді қалдыруға (қалауы бойынша) рұқсат етіледі.

ҚР Үкіметінің 2022.31.03. № 182 Қаулысымен 8-қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
8-қосымша


Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектерді және бала кезінен мүгедектерді, мүгедек балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды және интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі және баланы қабылдайтын отбасыдағы балаларды, кәмелетке толмағандарды бейімдеу және өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

АтауыӨлшем бірлігіБір тәрбиеленушіге арналған нормаКиілу мерзімі (жыл)
1234
Киім-кешек
Қысқы пальтодана13
Маусымдық пальто, күрте-13
Мектеп киіміжиынтық12
Ер балалардың мақта-матадан тігілген костюмі-12
Қыз балалардың мақта-матадан тігілген көйлектері (белдемшелер, блузка)дана43
Ер балалардың мақта-матадан тігілген сыртқы көйлектері-42
Жүннен тоқылған свитер (жемпір)-12
Қыз балалардың рейтуздары (гамаши)-11
Қол орамал-41
1234
Ер балалар шалбарының белбеуі-12
Жазғы бас киім-12
Қысқы бас киім-13
Жартылай жүннен тоқылған шарф-13
Қолғап (биялай)жұп21
Қыз балалардың бюстгальтерідана32
Трусилер, майкажұп6/31
Спорттық киімжиынтық12
Кроссовкаларжұп11
Мақта-матадан тоқылған шұлықтар, гольфтаржұп31
Бәтеңкелер, туфлилер-21
Жүннен тоқылған шұлықтар, гольфтар-21
Шәркелер-11
Түнгі жейде, пижамадана22
Колготки-21
Жұмыс костюмдеріжиынтық11
Жұмсақ мүкәммал
Ақжаймадана33
Көрпе тысы-34
Жастықтың сыртқы тысы-33
Жастықтың ішкі тысы-15
Сүлгі (аяқ сүртетін сүлгіні қоса алғанда)-31
Түкті сүлгі-12
Жүннен, мақтадан жасалған көрпе-16
Түкті көрпе-15
Матрац-18
Жастық-18
Төсек жапқыш-16

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
9-қосымша


Жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын және білім алатын балаларды 
жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

АтауыӨлшем бірлігіСаныҰсталу мерзімі(жыл)
1234
Жұмсақ мүкәммал
Ақ жаймадана33
Көрпе тысы"34
Жастықтың сыртқы тысы"33
Жастықтың ішкі тысы"15
Сүлгі (аяқ сүртетін сүлгіні қоса алғанда)"31
Түкті сүлгі"12
Жүннен, мақтадан жасалған көрпе"16
Бәйкі көрпе"15
Матрац"18
Жастық"18
Төсек жапқыш"16

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
10-қосымша


Дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында, оның ішінде республикалық әскери мектеп-интернаттарда 
тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыру нормалары

АтауыБір білім алушыға арналған норма (күніне граммен)
12
Азық-түлік
Қара бидай наны250
Бидай наны, тоқаш тағамдары300
Бидай ұны30
Крахмал5
Жарма, бұршақ, макарон өнімдері125
Қант, тәттілер120
Бал20
Кондитерлік бұйымдар60
Сары май50
Өсімдік майы18
Сүт, қышқыл сүт өнімдері450
Қаймақ20
Сүзбе70
Ірімшік15
Ет, ет өнімдері390
Шұжық30
Құс еті30
Балық, май шабақ90
Жұмыртқа50
Картоп390
Жаңа піскен және консервіленген көкөністер680
Жемістер, жидектер660
Шырындар500
Кептірілген жемістер15
Шай2
Кофе2
Какао2
Дәмдеуіштер2
Тұз15
Ашықты1

Ескертпе: Жекелеген тамақ өнімдерін алмастыруды заңнамада белгіленген тәртіппен «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін өнімдерді алмастыру кестесіне сәйкес жүргізуге рұқсат етіледі.

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
11-қосымша


Сәбилер үйлеріндегі балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

АтауыБалалардың жас мөлшеріне қарай
1 жасқа дейін1 жастан 2 жасқа дейін2 жастан 3 жасқа дейін
саныкию мерзімі (жыл)саныкию мерзімі (жыл)саныкию мерзімі (жыл)
1234567
Іш киім және төсек орын жабдықтары
Іш көйлек, майка, алды ашық жеңсіз көйлек253103103
Кеудеше, пижама, түнде киетін жейделер12315362
Тізебасар, трусилер, трико (жылы)403403102
Тізебасар, трусилер, трико (жаздық)303303102
Памперстер61 тәулікке21 тәулікке11 тәулікке
Балалардың ақжаймалары738484
Жазғы жаялық1303503102
Жылы жаялық304104--
Көрпе тысы (балалардың конверттері)838454
Жастықтың сыртқы тысы737353
Жастықтың ішкі тысы1,521,521,52
Төсеніштік жастықтың тысы--1,531,53
Балалардың сүлгісі428383
Косынкалар, тақиялар535353
Киім және аяқ киім
Жылы костюмдер (көйлектер)--6363
Жазғы костюмдер (көйлектер)--8383
Тоқыма жаттығу костюмдері----22
Алжапқыштар--3232
Шұлықтар, гольфилер51101101
Колготки--201,5121
Жүннен (жартылай жүннен) тоқылған свитерлер, жакеттер, кеудешелер 1,532424
Рейтуздар--2222
Су өткізбейтін күрте (плащ)----12
Маусымдық пальто--1212
Қысқы пальто--1212
Жазғы бас киімдер (панамкалар, пилоткалар)--3333
Теріден жасалған балалар бас киімі--1313
Жүннен тоқылған бас киімдер1,521,5222
Шарфтар, мойын орамалдар--1212
Қолғап--2233
Жүннен тоқылған шұлықтар4231,531,5
Туфли--2120,5
Бәтеңке111111
Бәтеңке, жылы етік--1211
Резеңке етіктер----12
Жылы мерекелік костюм (көйлек)--1212
Жазғы мерекелік костюм (көйлектер)--1212
Жібек капрон ленталар (метр)--2222
Мерекелік аяқ киім (чешкилер және т.б.)--2222
Төсек орын және өзге де керек-жарақтар
Балалар матрацтары231,531,253
Мақта салып тігілген жылы балалар көрпелері231,531,13
Жүн көрпелер, жартылай жүн көрпелер1,2551,2551,15
Балаларға арналған түкті көрпелер2,531,531,253
Матадан жасалған балалар көрпелері151515
Жастықтар241,511,54
Ұйықтайтын қаптар141414
Кереует жанына төсейтін кілемшелер242424
Ыдыс сүртуге арналған сүлгілер0,2510,2510,251
Қол орамалдар (майлықтар)101101101









Ескертпе: Сәбилер үйлерінің бас дәрігерлеріне балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз етудің нормаларына бір балаға арналған толық жиынтық құнының шегінде жекелеген өзгерістер енгізуге құқық беріледі.

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
12-қосымша


Сәбилер үйлеріндегі балаларды тамақтандыру нормалары

АтауыБір балаға арналған норма (күніне граммен)
12
Азық-түліктер
Бидай наны100
Қара бидай наны50
Бидай ұны20
Картоп ұны3
Жарма, бұршақ, макарон өнімдері35
Картоп150
Әртүрлі көкөністер300
Жаңа піскен жемістер250
Кептірілген жемістер15
Жеміс шырыны50
Кондитерлік тағамдар10
Қант50
Сары май30
Өсімдік майы6
Жұмыртқа (дана)1
Сүт700
Сүзбе50
Ет120
Балаға және емдәмдік тамақтандыруға арналған ет консервілері50
Балық25
Қаймақ20
Ірімшік10
Шай0,2
Кофелік сусын1
Тұз5
Ашытқы1

Ескертпе:
Созымалы іш ауруымен, туберкулезбен ауыратын балалар, әлсіреген балалар үшін, сондай-ақ оқшаулағыштағы ауру балалар үшін 15 пайыздық үстеме беріледі.

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
13-қосымша


Республикалық әскери мектеп-интернаттардың тәрбиеленушілерін киiммен, аяқ киiммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары

АтауыӨлшем бірлігіСаныКиілу мерзімі (жыл)
Киім-кешек
1Жүннен жасалған салтанатты фуражкадана12
2Жүннен жасалған салтанатты шығатын мундир погондарымен, ілмектерімен және жеңдегі белгімен (китель-шалбар)жиынтық12
3Салтанатты шығатын көйлек погондарымендана12
4Құлақшындана12
5Шұға шинель погондарымен, ілмектерімен және жеңдегі белгісімендана12
6Далалық кеудеше погондарымен, жеңдегі белгісімен және күнделікті камуфляж шалбаржиынтық11
7Салтанатты ақ қолғаптаржұп12
8Мыстан жасалған айылбасы бар тоғасымен солдат белдісідана12
9Мақта-матадан жасаған шұлықжұп41
Аяқ киім
10Қонышы биік қысқы биікжұп11
11Жұқа былғардан тігілген қонышты бәтеңкежұп11
Жұмсақ мүкәммал
12Монша сүлгісідана12
13Ақжаймадана22
14Көрпе тысыдана22
15Жастықтың сыртқы тысыдана22
16Жастықтың ішкі тысыдана14
17Сүлгі (аяқ сүртетін сүлгіні қоса))дана31
18Жүннен, мақтадан жасалған көрпедана16
19Түкті көрпедана14
20Матрацдана14
21Мамық қауырсынды жастықдана18
22Төсек жапқышдана16

Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
14-қосымша


Республикалық әскери мектеп-интернаттардың мұқтажына арналған жуғыш, тазалағыш заттардың және шаруашылық материалдардың нормалары

Р/с №АтауыӨлшем бірлігіБір сынып жиынтығына бір тоқсанға арналған норма
Жуғыш және тазалағыш заттар
1Кір сабындана30
2Иіс сабыныдана15
3Сұйық иіс сабынлитр3
4Кір жуу ұнтағықорап12
5Қабырғалар мен керамикалық беткі қабаттарға арналған ұнтақ тазалағыш затдана3
6Ағартқышы бар гель тазалағыш затдана2
7Еден жууға арналған ұнтақ затдана4
8Ыдыс жууға арналған гель затлитр1,5
9Әйнек жууға арналған затдана1
10Қыша ұнтағы (ыдыстың майын кетіру үшін)кг1,5
11Сантехникалық тораптарды тазалауға арналған каустикалық содакг3
12Гипохлорид (хлорамин)кг6
Шаруашылық материалдары
13Дәретхана қағазы (2 қабатты)орама60
14Қағаз майлықтар (100 дана)қорап30
15Сүртетін матаметр6
16Сорго сыпырғышыдана1
17Ши сыпырғышдана1






Ескерте: Шаруашылық материалдарын пайдалану мерзімі:
сорго сыпырғышы - 6 ай,
ши сыпырғышы - 6 ай

ҚР Үкіметінің 2015.25.04. № 326 Қаулысымен 15-қосымшамен толықтырылды 
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
15-қосымша


Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте бір мәрте тамақтандыру 
нормалары 

АтауыМектеп жасындағы бір балаға норма
(6 күнге арналып есептелген бір күндік грамм)
6 (7)-10 жас11-14 жас15-18 жас
1234
Өнімдер
бидай ұны457
қара бидай-бидай наны203540
қалыпты бидай наны345
кептірілген нан22,33
макароны, бұршақ, жарма263542
картоп425057
көкөніс және басқа көкөністер84100118
жаңа піскен жеміс100100100
жеміс шырыны333333
кептірілген жеміс (құрғақ итмұрын)111
қант789
бал555
ет (сиыр еті)617380
құс еті283340
жаңа ауланған балық222628
сүт, қышқыл сүт өнімдері106107108
сүзбе121416
сүзбеше505050
ірімшік233
сары май568
жұмыртқа133
өсімдік майы111415
кисель444
картоп крахмалы222
йодталған тұз11,52
лимон қышқылы0,20,20,2

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 320 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің
тізбесі

1. «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде берілетін әлеуметтік көмектің мөлшерлері мен көздері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 23, 261-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 25 қаңтардағы № 139 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 3, 41-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 тамыздағы № 1046 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 371-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 қазандағы № 1050 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 436-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 мамырдағы № 738 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 7 қазандағы № 1032 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 37, 490-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 қыркүйектегі № 847 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 3-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 38, 412-құжат).
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив