02
сентябрь
2022
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республик
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 Қаулысы.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары бекітілсін;
2) Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері мен түрлері.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, осы қаулымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидаларының 5-тармағының 7) тармақшасын, осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлерінің 1-тармағының үшінші абзацын қоспағанда, осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 26.10.2018 № 686 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының
Премьер-МинистріК. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 320 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары
1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 25-1) тармақшасына сәйкес әзірленген және білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек берудің тәртібін айқындайды.
2. Мемлекет білім алу кезеңінде:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) интернаттық ұйымдарда тәрбиеленіп және (немесе) оқып жүрген даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға, мүгедектерге және бала кезінен мүгедектерге, мүгедек балаларға;
3) кәмелетке толмағандарды бейімдеу және өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балаларға әлеуметтік көмекке арналған шығыстарды толық қамтамасыз етеді.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3. Толық мемлекеттік қамтамасыз ету білім беру ұйымының интернатында тұратын орын, жұмсақ мүкәммал, жабдықтар мен киім-кешек, тамақ, оқулықтар мен медициналық көмек беруді қамтиды.
4. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға білім алуы кезеңінде медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде ұсынылады.
5. Мемлекет білім алу кезеңінде:
1) көп балалы отбасылардан шыққан балаларға;
2) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;
3) жалпы және санаторийлік үлгідегі мектеп-интернаттарда, мектеп жанындағы интернаттарда тұратын балаларға;
4) дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленіп және оқып жүрген балаларға;
5) интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілеріне;
6) денсаулық жағдайына байланысты бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша үйде немесе стационарлық жағдайларда медициналық көмек, сондай-ақ қалпына келтіру емін және медициналық оңалту көрсететін ұйымдарда ұзақ уақыт оқитын балаларға;
7) "Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттерге;
8) білікті жұмысшы кадрларды даярлауды көздейтін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттерге;
9) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге санаттағы азаматтарға арналған шығыстарды ішінара өтейді.
Мемлекет осы Қағидалардың 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген санаттағы азаматтарға тамағы үшін тамақ құнының 80 пайызы мөлшерінде (20 пайызы ата-аналардың төлемі есебінен жабылады) шығыстарды өтейді.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және қорғаншылықтағы (қамқоршылықтағы), патронаттық тәрбиедегі, баланы қабылдайтын отбасылардағы адамдардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында білім алу кезеңінде жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебі республикалық немесе жергілікті бюджеттер есебінен тегін ыстық тамақтануға құқығы бар.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет тамақтану құнының 100 пайызы мөлшерінде ыстық тамаққа кететін шығыстарды өтейді.
Осы Қағидалардың 5-тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдарға мемлекет ыстық тамаққа кететін шығыстарды жергілікті бюджеттер есебінен жетім балаларға арналған күндізгі рацион құнының 40 пайызы есебімен өтейді.
Тамақтануға кететін шығыстар жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толықтай жергілікті бюджеттер есебінен жабылуы мүмкін.
Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары және жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар осы қаулымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек берудің мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне сәйкес мектепте бір рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген, шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмекті осы мемлекеттік орган көрсетеді.
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
6. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмекті білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мынадай растаушы құжаттардың бірімен қоса, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелетке толған балалардың, ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің еркін нысандағы жазбаша өтінішімен жүзеге асырады:
1) көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін – туу туралы куәліктің көшірмесі;
2) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – қорғаншылықты (қамқоршылықты) бекіту туралы анықтаманың көшірмесі;
3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін – баланы (балаларды) патронаттық тәрбиеге немесе баланы қабылдайтын отбасына беру туралы шарттың көшірмелері;
4) мүгедектер және бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін – мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін – психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысының көшірмесі;
5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін – өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама;
6) жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балалар үшін – алынған табыстар туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын адамдардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін табыстар, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі табыс);
7) 5-тармақтың 8) тармақшасында көрсетілген тұлғалар үшін – оқу орнына қабылдау туралы бұйрықтың көшірмесі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы табыстар сомасын жыл басынан бастап әлеуметтік көмек көрсетуге қаражат тағайындау үшін өтініш берген сәтке дейінгі барлық айларға (өтініш берген айды қоса алғанда) және отбасы мүшелерінің санына бөлу жолымен айқындалады.
Жан басына шаққандағы орташа табысты есептеу кезінде отбасының құрамында ата-аналары (өзге заңды өкiлдерi) және олардың асырауындағы 18 жасқа толмаған балалар ескеріледі.
Атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасылардан шыққан балалар үшін білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек алу құқығы жыл сайын осы Қағидалардың 6-тармағының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес білім беру ұйымына құжаттарды ұсыну арқылы расталуға тиіс.
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
7. Білім беру ұйымы немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы қажетті құжаттармен бірге өтініш түскен күннен бастап күнтізбелік 10 күн ішінде оларды қарайды және әлеуметтік көмек көрсету немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдер құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, білім беру ұйымдары немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Өтініш берушінің әлеуметтік көмекті заңсыз тағайындауға алып келетін жалған мәліметтер ұсынуы және әлеуметтік көмек алуға әсер ететін жағдаяттар туралы уақтылы хабарламауы азаматтарға әлеуметтік көмекті көрсетуден бас тарту болып табылады.
Бас тартылған жағдайда жазбаша түрде әлеуметтік көмек ұсынудан бас тарту себептері туралы дәлелді жауап беріледі.
9. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымының басшысы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары:
1) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарындағы білім алушыларға каникул кезеңінде білім беру ұйымдары мен мемлекеттік органдардың қаражаты есебінен олар тәрбиеленген ұйымдар мен отбасыларға жол жүруін, тәуліктік шығыстарды заңнамада белгіленген тәртіппен қаржыландыруды;
2) каникул кезеңінде ұйымдастырылған демалыс орындарына бармайтын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатарынан білім алушыларға тамақтануға арналған тәуліктік норма құнының шегінде қолма-қол ақша бөлуді жүзеге асырады.
Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
10. Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға білім алу кезеңінде жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру құқығы беріледі.
11. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымының басшысы мүмкіндігіне қарай:
1) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
2) мүгедектерге және бала кезінен мүгедек балаларға еңбек лагерлеріне, пансионаттар мен профилакторийлерге, демалыс үйлеріне, студенттік сауықтыру лагерлеріне, ал медициналық айғақтар болған кезде тиісті бейіндегі шипайжайларға білім беру ұйымының қаражаты есебінен тегін жолдамалар береді.
12. Білім алу кезеңінде мемлекеттің толық қамтамасыз етуінде болатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жол жүруіне байланысты шығыстар оқушының және студенттің жол жүру билеттерінің құны есебімен мемлекеттік білім беру ұйымдарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. Қосымша білім беру ұйымдарында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың білім алуы осы ұйымдардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
14. Білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтардың шығындарын білім беру саласындағы уәкілетті орган не бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісі республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде мемлекеттік білім беру ұйымдарының өтінімдері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарайды.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 320 қаулысымен
бекітілген
Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшері, көздері және түрлері
1. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында (түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетін және оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тамақтандыру, киім-кешекпен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары білім алу кезеңінде әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне (бұдан әрі – мөлшерге, көздерге және түрлерге) 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
Шаруашылық мүкәммал, жеке гигиеналық заттар, ойыншықтар, көркем әдебиет сатып алуға, мәдени-бұқаралық іс-шараларға жұмсалатын шығыстар сомасы жабдықтар, мүкәммал сатып алуға және ғимараттар мен құрылысқа күрделі жөндеу жүргізуге арналған шығыстарды есепке алмағанда барлық тәрбиеленушілер мен білім алушыларды ұстау құнының кемінде үш пайызы мөлшерінде болады.
"Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамында білім беру гранты бойынша оқитын студенттер үшін тамақтану нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 5-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 13.06.2018 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 03.05.2019 № 241; 20.11.2019 № 859 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен білім алушыларға негізгі орта, жалпы орта, мемлекеттік техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аяқтағаннан кейін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарына (түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) түсу кезінде берілетін киім-кешек, аяқ киім нормасы мөлшерге, көздерге және түрлерге 6-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Бұдан басқа, осы санаттағы білім алушылар үшін екі айлық есептік көрсеткіш сомасында біржолғы ақшалай жәрдемақы көзделген.
3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ішінен білім алушыларға негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын аяқтағаннан кейін (түріне және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) берілетін киім-кешек, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал, жабдықтар нормасы мөлшерге, көздерге және түрлерге 7-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Бұдан басқа, осы санаттағы білім алушылар үшін төрт айлық есептік көрсеткіш сомасында біржолғы ақшалай жәрдемақы көзделген.
4. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды, мүгедектерді және бала кезінен мүгедектерді, мүгедек балаларды, көп балалы отбасылардан шыққан балаларды, интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан балаларды, кәмелеттік жасқа толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарындағы балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 8-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
5. Мемлекеттің толықтай және ішінара қамтамасыз етуіндегі жалпы және шипажайлық үлгідегі мектеп-интернаттарда тұратын балалар мен білім алушыларды тамақтандыру, жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 4 және 9-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
6. Мемлекеттің толықтай және ішінара қамтамасыз етуіндегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған интернаттық білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 9 және 10-қосымшаларға, ал республикалық әскери мектеп-интернаттары үшін - 9, 13 және 14-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
7. Сәбилер үйіндегі балаларды тамақтандыру, киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары мөлшерге, көздерге және түрлерге 11 және 12-қосымшаларға сәйкес белгіленеді.
7-1. Орта білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушыларын және жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды мектепте тамақтандыру нормалары әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмек беру мөлшеріне, көздеріне, түрлеріне 15-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Ескерту. 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 326 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
8. Республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты мемлекеттік білім беру ұйымдары демеушілік және қайырымдылық көмектер алатын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес ақылы түрде тауарлар (жұмыстар, қызметтер) ұсынудан түсетін қаражат әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға олардың білім алуы кезеңінде әлеуметтік көмек ұсыну көзі болып табылады.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және түрлеріне
1-қосымша
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) тәрбиеленетін және (немесе) білім алатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары
АтауыӨлшем бірлігіМектеп жасындағы бір тәрбиеленушігеМектеп жасына дейінгі бір тәрбиеленушіге
саныкиілу мерзімі (жыл)саныкиілу мерзімі (жыл)
123456
Киім-кешек
Қысқы пальто, тон дана1212
Маусымдық пальто, күрте"1212
Мектеп киімі жиынтық11--
Ер балалардың мақта-матадан тігілген ақ көйлектері дана22--
Спорттық киім және кедаларжиынтық11--
Ер балалар костюмі"3231
Қыз балалардың көйлектері (белдемшелер, блузка) дана3231
Қыз балалардың үйде киетін халаттары "2222
Ер балалардың мақта-матадан тігілген сыртқы көйлектері "3131
Жүннен тігілген мерекелік көйлек "2121
Жүннен тігілген мерекелік костюм жиынтық1111
Жүннен тоқылған свитер (жемпір)дана1222
Жазғы мерекелік көйлек "2121
Қыз балалардың гамашы "2121
Жазғы бас киім "1111
Қысқы бас киім "1212
Күзгі-көктемгі бас киім "1212
Іш киім жиынтық2152
Қол орамал дана4141
Ер балалар шалбарының белбеуі "11--
Жартылай жүнді шарф "1212
Қолғап (биялай) жұп2132
Қыз балалардың бюстгальтері дана41--
Майкалар, трусилер "6/316/31
Мақта-матадан тоқылған колготки, шұлық, гольфтар жұп5161
Жүннен тоқылған колготки, шұлық, гольфтар "6161
12 мен 18 жас аралығындағы қыздарға арналған гигиеналық заттар"1501--
Бәтеңкелер, туфлилер (сандалии)"3131
Кроссовкалар"1111
Үйде киетін аяқ киім "2131
Етіктер, бәтеңкелер (қысқы)"1111
Резеңке етіктер"1211
Спорттық бас киім"1212
Түнгі жейделер, пижамалар"2121
Колготки (жұқа)"5161
Алжапқыштар (көкірекшелер)"
21
Құмда жату, шомылу, малту іш киімдері"1111
Жұмыс киіміжиынтық1212
Портфель, сөмкедана22--
Шабадан"1515
Жұмсақ мүкәммал
Ақ жаймадана3252
Көрпе тысы"2333
Жастықтың тысы (ішкі)"1414
Жастықтың тысы (сыртқы)"3232
Мақта-матадан жасалған вафельді сүлгідана3232
Түкті сүлгі"3332
Жүннен немесе мақтадан жасалған көрпе"1616
Түкті көрпе"1414
Матрац"1413
Жастық"1818
Төсек жапқыш"1616
Кереует алдындағы кілемше"1414
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек
беру мөлшеріне, көздеріне
және түрлеріне
2-қосымша
Мемлекеттік техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру ұйымдарында (түрі мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан) білім алатын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды киіммен, аяқ киіммен және жұмсақ мүкәммалмен қамтамасыз ету нормалары
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
АтауыӨлшем бірлігіБеру нормасыКиілу мерзімі (жыл)
ер балалар үшінқыз балалар үшін
12345
Киім-кешек
Жылы күртедана112
Жасөспірімдердің жүннен тігілген үштік костюміжиынтық1-2
Қыздардың жүннен тігілген үштік костюмі--12
Қыздардың блузкасыдана-11
Жасөспірімдердің жейдесі-1-1
Қыздардың қысқы көйлегі--11
Қыздардың блузкасы мен белдемшесі--11
Жасөспірімдердің мақта-матадан тігілген костюміжиынтық1-1
Жасөспірімдердің майкасыдана2-1
Қыздардың іш көйлегі--21
Қыздардың лосинасы--21
Трусилер-441
12345
Бас киім: қысқы; күзгі-1 11 12 2
Туфлижұп111
Бәтеңке-111
Жылы етік (қысқа қонышты етік)-111
Ауылдық кәсіптік лицейлер оқушылары үшін керзі етік-111
Жасөспірімдердің қысқа жең жейдесідана2-1
Қыздардың жазғы көйлегідана-21
Спорттық шәркелержұп111
Қолғап (биялай)-221
Мақта-матадан тоқылған шұлықтар-421
Жүннен тоқылған шұлықтар-221
Колготкалардана-41
Жартылай жүннен тоқылған колготкалар--21
Орамал (шарф)-111
Қол орамалдар-441
Жаттығу костюміжиынтық111
Бюстгальтердана-41
Қыздардың түнде киетін жейдесі--11
Қыздарға арналған гигиена заттары--1501
Жұмсақ мүкәммал
Ақжаймадана332
Көрпе тысы-223
Жастықтың тысы (ішкі)-114
Жастықтың тысы (сыртқы)-332
Мақта-матадан жасалған вафельді сүлгі-332
Түкті сүлгі-333
12345
Жүннен немесе мақтадан жасалған көрпе-116
Түкті көрпе-114
Матрац-114
Жастық-118
Төсек жапқыш-116
Кереует алдындағы кілемше-114
Ескертпе:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген, шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қалауы бойынша киімнің, аяқ киімнің, жұмсақ мүкәммал мен жабдықтың орнына ақшалай өтемақы беруге немесе оларды білім алушының жеке шотына киімді, аяқ киімді, жұмсақ мүкәммал мен жабдықты өз бетінше сатып алуға екінші деңгейдегі банкке аударуға рұқсат етіледі.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жіберген, шет елдердің техникалық және кәсіптік, жоғары оқу білім беру ұйымдарында оқитын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға киім, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал мен жабдық сатып алуға арналған шығыстардың ақшалай нормасы бір білім алушыға киім, аяқ киім, жұмсақ мүкәммал мен жабдық құнының 100 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек беру
мөлшеріне, көздеріне және
түрлеріне
3-қосымша
Балалар бөбекжайында, балабақшаларда және мектепке дейінгі санаторий ұйымдарында тәрбиеленетін балаларды тамақтандыру нормалары (бір балаға күніне граммен)
АтауыБалалардың жас мөлшеріСанаторий ұйымдарында
3 жасқа дейін3 жастан 7 жасқа дейін
Ұйымдарда болу ұзақтығы
9-10,5 сағат12-24 сағат9-10,5 сағат12 сағат24 сағат3 жасқа дейін3-7 жасқа дейін
12345678
Азық-түлік
Бидай наны55608011011070110
Қара бидай наны25304060608060
Бидай ұны16162025251625
Картоп ұны3333333
Жарма, бұршақ, макарон өнімдері20303045453545
Картоп120150190220220150250
Әртүрлі көкөністер180200200250250300300
Жаңа піскен жемістер901306060150250350
Кептірілген жемістер10101010151515
Кондитерлік бұйымдар471010101015
Қант35504555555060
Сары май12172023253035
Өсімдік майы56799610
Жұмыртқа (дана)0,250,50,50,50,511
Сүт500600420500500700700
Сүзбе40504050505075
Ет6085100100100120160
Балық20254550502570
Қаймақ55510152025
Ірімшік335551010
Шай0,20,20,20,20,20,20,2
Дәнді кофе1122212
Тұз2255858
Ашытқы1111111
Әлеуметтік көмек көрсетілетін
азаматтарға әлеуметтік көмек
беру мөлшеріне, көздеріне
және түрлеріне
4-қосымша
Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда және интернаттық ұйымдарда тәрбиеленетін балалар мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу және өмірде қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталықтарындағы балаларды тамақтандыру нормалары
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.03.2022 № 182 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
АтауыБір балаға арналған норма (күніне граммен)
мектеп жасына дейінгімектеп жасындағы
123
Азық-түлік
Қара бидай наны60150
Бидай наны100200
Бидай ұны3535
Картоп ұны33
Жарма, бұршақ, макарон өнімдері4575
Картоп300400
Көкөністер және басқа да түрлі жемістер400470
Жаңа піскен жемістер260250
Кептірілген жемістер1015
Шырындар200200
Кондитерлік бұйымдар2525
Қант5570
123
Сары май3550
Өсімдік майы1218
Жұмыртқа (дана)11
Сүт, қышқыл сүт өнімдері500500
Сүзбе5070
Ет95100
Құс еті2530
Балық және майшабақ60110
Шұжық өнімдері1025
Қаймақ1010
Ірімшік1012
Шай0,20,2
Кофе24
Какао12
Тұз88
Дәмдеуіштер22
Ашытқы11
Ескертпе:
1. Жазғы сауықтыру кезеңінде (90 күнге дейін), жексенбі, мереке күндері, каникул күндері тамақтандыруға арналған шығыстар нормасы 10 пайызға көбейтіледі.
2. Жекелеген тамақ өнімдерін алмастыруды "Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілетін өнімдерді алмастыру кестесіне сәйкес бөлінген қаражат шегінде жүргізуге рұқсат етіледі.
3. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың және жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың арасынан интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілерін техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына оқуға түсу үшін жіберген кезде оларға интернаттық ұйымдарды ұстауға бөлінетін қаражат есебінен жолда болу уақытына қызметтік іссапарлардың нормалары бойынша жол жүру мен тәуліктік шығыстар төленеді. Бұл ретте осы тәрбиеленушілер үшін тамақтандыруға белгіленген шығыстар жүргізілмейді.
4. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының және барлық үлгідегі интернаттық ұйымдардың басшыларына жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар каникул күндері, жексенбі және мереке күндері туыстарының немесе жекелеген азаматтардың отбасыларында болған уақытында, сондай-ақ ауырған кезеңде тамақтандыру нормаларына сәйкес азық-түлік немесе тамақтану құны шегінде қолма-қол ақша беруге рұқсат етіледі.
5. Интернаттық ұйымдарда оқитын (тұрмай) білім алушылардың тамақтануына арналған шығыстардың ақшалай нормасы күніне бір білім алушыға арналған тамақтану құнының 75 пайызы мөлшерінде белгіленеді.
6. Музыкалық немесе көркемөнер колледжінің бір білім алушысын тамақтандыру нормалары мектеп жасындағы бір балаға арналған тамақтандыру нормаларына сәйкес келеді.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК