30
сентябрь
2021
Жас Ұлан
Қыркүйек айының 29-шы жұлдызында мектебіміздің Жас Ұлан жасөспірімдер мен балалар ұйымының Ұлан басын сайлау рәсімі өтті. Сайлау барысында үш үміткер өздерінің бағдарламаларын дайындап, білім алушылардың назарына ұсынды. Бағдарлама барысында мектебіміздің жанданып-гүлденуіне, қоғамдық жұмыстарға көңіл бөлінуіне, экологиялық жобаларды ұсынуға барынша атсалысамын деген үміткерлердің арасында қызыққа толы дауыс беру орын алды. Нәтижесінде суырылып, оза шапқан 9 "А"-сынып оқушысы Манапалы Жанерке ұстаздарымыз бен білім алушыларымыздың көңілінен шығып 87- дауысқа ие болып, " Ұлан басшы болып тағайындалды. Жанеркені шын жүректен құтықтай отырып, алдағы уақытта жауапкершілік пен белсенділікті талап ететін қызметте сәттілік тілейміз.