12
ноябрь
2021
"#Bestвидео Туған өлке" атты аудандық байқау
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Меркі ауданы білім бөлімінің "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру аясында өткізілген "#Bestвидео Туған өлке" атты аудандық байқауында өзінің интелектуалдық және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу жұмысына қызығушылығын танытқан және ең үздік бейне түсірілім ұсынған үшін №16 ЖОББМ білім алушысы Шәріп Мерей 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. Туған өлкенің тарихы мен Сыпатай Әлібекұлының өмір жолы, батырлығы мен ерлігін зерттеп жүрген оқушымыз, өзінің бейнеролигінде көптеген дүниелерді көрсете білді. Арнайы зерттеу жұмысымен айналысып жүрген Ерікқызы Мерей, өз қолымен жасаған илюстрациялық көрнекілігімен де таныстырып өтті.
Жетекшісі: Жайнақ Элеонора
Жетекшісі: Жайнақ Элеонора