09
ноябрь
2021
Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздігінің 30-жылдығына» орай, білім мекемесінің қызметкерлері арасында «Асық ату» ойыны түрінен өткен аудандық турнир
2021 жылдың 5-қараша күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы, Меркі ауданының білім бөлімі мен Меркі ауданы кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы «Тәуелсіздігінің 30-жылдығына» орай, білім мекемесінің қызметкерлері арасында «Асық ату» ойыны түрінен өткен аудандық турнир болып өтті. Турнирге ауданымыздың 33 мектебі қатысып, қызу да тарысты ойын көрсете білді.Турнирде 8-командадан жасақталған білекті ұстаздар бір-біріне дес бермеді. Мектебіміздің намысын қорғап шыққан мұғалімдер АӘД пәні мұғалімі Т.Нығметұлы, дене шынықтыру пәні мұғалімдері А.Омербеков, А.Имашев III-дәрежелі дипломмен марапатталды.