02
декабрь
2021
"Жолда жүру ережесін сақтайық!" тақырыбында сынып сағаты өткізілді
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде "Жол ережесінің қауіпсіздігі" атты айлық аясында, балалардың қауіпсіздігінің алдын алу, жолда жүру ережелерін есте сақтауға, жол-көлік жарақатының алдын алу мақсатында 8 "А", 8 "Б" , 9 "Б" сынып білім алушыларымен "Жолда жүру ережесін сақтайық!" тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Білім алушыларға жолда өзін-өзі қалай ұстау қажеттігі жайлы және қоғамдық орындарда, жол жөнекей ережелерді жатқа білу маңызды екендігі туралы айтылды.
Жауапты: Д.Нурланкулова, Т.Мухамеджан, К.Мустафаева
Жауапты: Д.Нурланкулова, Т.Мухамеджан, К.Мустафаева