10
октябрь
2024
«Сен есірткі туралы не білесің?» сауалнамасы алынды.
№16 жалпы орта білім беретін мектебінде жасөспірімдерді салауатты өмірге ұмтылдыру, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу, есірткіге көзқарасын анықтау мақсатында мектеп психологтары А.Байназарова, Т.Мухамеджан 7-11 сынып білім алушыларынан «Сен есірткі туралы не білесің?» сауалнамасы алынды. Нәтижесінде алынған сауалнамадан жасөспірімдердің салауатты өмірге, зиянды әдеттерден аулақ болуға ұмтылысын аңғаруға болады. Есірткінің, нашақорлықтың адамға, қоғамға келтіретін зияны туралы түсініктері қалыптасқан.