08
ноябрь
2023
«ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН БАСТАУ АЛДЫ
«ҚАТЫГЕЗДІК ПЕН ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАН БАСТАУ АЛДЫ
Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Қазақстанда БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау аясында 8-20 қараша аралығында «Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» республикалық ақпараттық науқаны өтеді.
Науқанның мақсаты балаларға қатыгездікпен немқұрайлылық мәселесіне қоғамдық назар аудару, қоғамда балаларды қатыгездікке төзбеушілік көзқарасын қалыптастыру, балаларды зорлық-зомбылықтың кез келген түрінен құқықтық қорғау деңгейін арттыру
Акция аясында мектепте дөңгелек үстел, семинарлар, ҮЕҰ өкілдерімен сараптамалық кездесулер, сынып сағаттары, рейдтік іс-шаралар және т. б. өткізіледі.